Сұрақтар мен жауаптар

Науқанның өткізілу мерзімі қандай?

Науқанның өткізілу мерзімі 2016 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 30 қарашасына дейін (соңғы күнді қоса алғанда).

Тапсырмаларды орындау мерзімі қандай?

«Бірге саяхаттаймыз!» тапсырмасы – өткізілу мерзімі 2016 жылдың «19» қыркүйегінен бастап 2016 жылдың «2» қазанына дейін.

«Отбасылық кейіп» тапсырмасы – өткізілу мерзімі 2016 жылдың «3» қазанынан бастап 2016 жылдың «16» қазанына дейін.

«Бірге сурет саламыз!» тапсырмасы – өткізілу мерзімі 2016 жылдың «17» қазанынан бастап 2016 жылдың «30» қазанына дейін.

«Үздік көмекшілер!» тапсырмасы – өткізілу мерзімі 2016 жылдың «31» қазанынан бастап 2016 жылдың «13» қарашасына дейін.

Науқан қай қалаларда өткізіледі ?

Науқан барлық Қазақстан бойынша өткізіледі.

Науқанның тапсырманы орындаудан айырмашылығы неде?

Науқанға қатысу үшін 1 кодты сайтта тіркеу (немесе СМС арқылы жолдау) жеткілікті. Тіркелген код ағымдағы аптада тіркелген барлық кодтармен бірге Апта сайынғы науқан Жүлдесін ұту ойынына автоматты түрде қатысады.

Тапсырмаларға қатысу үшін сайтқа тіркеліп, тапсырманы орындап, оны сайтқа орналастыру қажет. Орындаған бір тапсырма үшін қатысушы 500 ұпайға ие болады, кейін жиналған ұпайларды жүлдеге айырбастай алады.

Науқанға кімнің қатысуына болады?

Науқанға әрекетті жеке тұлғалар – жасы 18 (он сегізге) толған, ҚР территориясында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Тапсырмаларға кімнің қатысуына болады?

Тапсырмаларға әрекетті жеке тұлғалар – жасы 18 (он сегізге) толған, ҚР территориясында тұратын, Интернет ғаламтор желісін пайдаланатын және кәмелетке толмаған 3-12 жас аралығындағы балалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Тапсырмаларға әкелердің қатысуына бола ма?

Тапсырмаларға баланың әкесі мен шешесі немесе заңды қамқоршысы қатыса алады. Қатыса алмайды: әжесі, атасы, ағасы, тәтесі және т.б.

Тіркелу не үшін қажет?

Тіркелу Науқан мен Тапсырмаларға қатысу үшін қажет.

Тіркелу барысында қандай жолақтардың толтырылуы міндетті?

Тіркелу барысында барлық жолақтарды толтыру қажет.

Қатысушылардың тіркелу барысында көрсеткен деректері қайда қолданылады?

Қатысушылардың деректері тек жеңімпазбен хабарласу үшін қолданылады.

Қалай тіркелуге болады?

Тіркелуге келесі жолдармен болады:
1. Барлық қадамдарды орындай отырып, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы
2. Басты парақтағы «Тіркелу» түймешесін басу арқылы
3. «Науқан» парағындағы «Кодты тіркеу» түймешесін басу арқылы
4. «Тапсырма» парағындағы «Қатысу» түймешесін басу арқылы.

«Бірге саяхаттаймыз!» тапсырмасы қалай орындалады?

Тапсырманың шарттары:
Сайтқа балаңызбен бірге түскен фотосуретті орналастырып, демалыс туралы жанға жылы естеліктеріңізді жазыңыз.

«Отбасылық кейіп» тапсырмасы қалай орындалады?

Тапсырманың шарттары:
Сайтқа балаңыз екеуіңіздің бір-біріңізге қалыптастырған кейіптің фотосуретін орналастырыңыз (анасы баласына, ал баласы анасына кейіп қалыптастырады).

«Бірге сурет саламыз!» тапсырмасы қалай орындалады?

Тапсырманың шарттары:
Сайтқа балаңызбен бірге салған шығармашылық суреттің фотосуретін орналастырып, қызықты сипаттамамен толықтырыңыз.

«Үздік көмекшілер!» тапсырмасы қалай орындалады?

Тапсырманың шарттары:
Сайтқа балаңыз екеуіңіздің бірлескен еңбектеріңіздің фотосуретін жүктеп, сипаттамасын жазыңыз!

Бір тапсырманы бірнеше фотосуретті орналастыра отырып, қайталап орындауға бола ма?

Бір тапсырмаға 1 (бір) рет қана қатысуға болады. Орындалған бір тапсырма үшін қатысушы 500 ұпай алады.

Сайттағы Тапсырмалардың фотосуретін қайдан қарауға болады?

Орындалған тапсырманың фотосуретін «Тапсырмалар» парағынан қарауға болады.

Сайтта неге менің фотосуреттерім жоқ?

Сайтта фотосуреттер модератордың тексерісінен (мақұлдауынан) кейін пайда болады. Модератор тапсырманың орындалуын тапсырма тақырыбына, тапсырма шарттарына, жүктелетін фотосуреттерге қатысты тех.талаптарға және науқанның ережелеріне сәйкестігін тексереді.

Науқанда қандай жүлделер ұтысы өткізіледі?

Науқанның өткізілу кезеңінде аптасына бір рет Апта сайынғы науқанның жүлдесі – Интерактивті ойын тақтасының ұтыс ойыны өткізіледі.
Науқанның өткізілу кезеңінде орындалған Тапсырмалар үшін жиналған ұпайларға Ұпайлар бойынша жүлделерді (Жүлделер бөлімінің 3-т. қараңыз) айырбастап алуға болады.

Апта сайынғы жүлде ұтыс ойынын өткізу механикасы қандай?

Науқанның аптай сайынғы жүлдесінің ұтыс ойыны әр апта сайын апта бойы тіркелген кодтар арасынан ұтыс кодты кездейсоқ таңдау амалымен өткізіледі. Кездейсоқ сандар генераторы бағдарламасының көмегімен белгіленген уақыт аралығы бойынша деректер қорынан смс хабарлама жолдау және сайтта тіркелу арқылы алынған барлық кодтар топтастырылады, содан кейін сайтқа тіркелу барысында берілетін дербес нөмір бойынша бір код (ұтыс код) кездейсоқ таңдау амалымен анықталады.
Егер Қатысушы апта ішінде бірнеше промо код тіркеген болса, ұтысқа оның барлық промо кодтары қатысады.

Сайтта жиналған ұпайлар үшін қандай жүлделер алуға болады?

  • Бой өлшеуіш – 100 ұпай (саны – 4 000 дана)
  • Kinder Chocolate ұсынған қос рюкзактар – 3 000 ұпай (саны – 500 жұп)
  • Қос күртелер – 3 500 ұпай (саны – 500 жұп)
  • Қос шөлмектер (анасына арналғаны 0,5 л және баласына арналғаны 0,3л) – 4 000 ұпай (саны – 1000 жұп, 500 қыз балаларға және 500 ер балаларға арналған)
  • Қос чемодандар – 8 000 ұпай (саны – 100 жұп)

Сайтта қалай ұпай жинауға болады?

Әр екі апта сайын 2016 жылдың «19» қыркүйегі мен «13» қарашасы аралығында сайтта жаңа тапсырма орналастырылады. Барлығы 4 тапсырма. Әрбір орындалған тапсырма үшін қатысушыға 500 ұпай беріледі.

Жеңімпаздар тізімін (ұтыс кодты) қалай тексеруге болады?

Апта сайынғы науқан жүлдесінің  ұтыс ойынының жеңімпаздар тізімі www.kinderchocolate.kz ресми сайтында жарияланады. Жеңімпаздарға қатысты мәліметтер ұтыс өткізілгеннен кейін 7 күн ішінде жарияланады.

Апта сайынғы науқан жүлдесі Жеңімпазға қалай табысталады?

Егер Апта сайынғы науқан жүлдесінің ұтыс ойынында Сіз жеңімпаз болсаңыз:
I. Сізге Науқан Ұйымдастырушысы сайтта көрсетілген телефон нөмірі бойынша немесе мәтіндік хабарлама (СМС) жолданған телефон нөміріне ұтыс өткізілгеннен кейін 5 күн ішінде хабарласады.
II. Егер ұтыс коды бар жарнамалық қаптама сақталған болса, курьер сізге Апта сайынғы науқан жүлдесін жеткізіп береді.
III. Апта сайынғы науқан жүлдесін табыстау барысында курьерге ұтыс коды бар жарнамалық қаптама мен жеке куәліктің көшірмесін беру қажет.

Ұпайлар бойынша жүлделер қалай беріледі?

I. Ұпайлар бойынша жүлделердің бірін алу үшін, қажетті ұпай саны жиналғаннан кейін 2016 жылдың «01» желтоқсанынан кешіктірмей Сайттағы Қатысушының жеке кабинетінде ұнаған жүлдені таңдап, тапсырысты (тиісті жүлде бар болса) жүлденің астындағы «Жүлдені алу» түймешесін басу арқылы жолдау керек (жүлделердің қол жетімді саны тиісті жүлденің астында көрсетіледі).
II. Науқан ұйымдастырушысы тапсырыс жасалған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Жүлдегермен Сайтта тіркелу барысында көрсеткен телефон нөмірі бойынша Жүлдегердің тұрғылықты жері бойынша жүлдені алу орнын (немесе ең жақын жүлделерді беру орындарын), сондай-ақ жүлдені алуға қажетті деректер мен құжаттар тізімін мәлімдеу мақсатымен хабарласады.
III. Ұпайлар бойынша жүлделерді алуға қажетті деректер мен құжаттар тізімі:
– Жүлдегердің аты-жөні, жеке куәлігінің көшірмесі;
– Жүлдегердің шығармашылық жұмысы немесе баласының фотосуреті көрсетілген (егер мұндай жұмыс жарияланған болса) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
– Жүлдегер Жүлдегердің шығармашылық жұмысы немесе баласының фотосуреті көрсетілген баланың заңды өкілі екендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

Промо код қайда көрсетілген?

Жарнамалық қаптамадағы Kinder Chocolate, арнайы стикері бар Kinder Chocolate со злаками және Kinder Chocolate Maxi-ді сатып алыңыз.
«Kinder Chocolate» 50 гр. және 100 гр. қаптамасында промо код қаптаманың ішінде (қаптаманың ішкі жағында), «Kinder Chocolate Maxi» және «Kinder Chocolate со злаками» қаптамасында промо код стикердің жыртылып алынатын бөлігінің астында көрсетілген.

Промо кодты қалай тіркеуге болады?

Промо кодты тіркеу үшін кодты смс арқылы 7165 қысқа нөміріне жолдаңыз. Қазақстанның барлық ұялы байланыс операторлары үшін смс жолдау тегін. Болмаса оны www.kinderchocolate.kz сайтында тіркеңіз.

Промо код үшін қанша ұпай беріледі?

Kinder Chocolate 100 гр. бір қаптамасы үшін – 100 ұпай
Kinder Chocolate 50 гр. бір қаптамасы үшін – 50 ұпай
Kinder Chocolate Maxi 84 гр. бір қаптамасы үшін – 100 ұпай
Kinder Chocolate со злаками 94 гр. бір қаптамасы үшін – 100 ұпай
МАҢЫЗДЫ: промо кодтары бар жарнамалық қаптамаларды Науқан аяқталғанға дейін сақтау қажет. Апта сайынғы науқан жүлдесін табыстау барысында науқан ұйымдастырушысы жарнамалық қаптаманың түпнұсқасын тапсыруды сұрайтын болады.

Промо кодты жолдау барысында смс-те нені көрсету керек?

СМС жолдау барысында тек промо кодты көрсету керек: бас әріптермен немесе кіші әріппен (айырмашылығы жоқ), бос орынсыз, тыныс белгілерінсіз және басқа қосымша ақпаратсыз.
Жолданған кодтар мен есептелген ұпайлар кодтар жолданған нөмірге беріледі.

Промо кодтың қабылдануы туралы мәлімдеме келе ме?

Промо код тіркелгеннен кейін «Сіздің кодыңыз тіркелді» мәтінді хабарлама келеді. Егер промо код сәйкес келмеуіне байланысты тіркелмеген болса (мысалы, дұрыс жазылмаса) «Қате! Код дұрыс емес» мәтінді хабарлама келеді.

Кейінгі кодтар сайт арқылы тіркелген болса, смс арқылы бұрын жолданған кодтар есепке алына ма?

Сайтқа тіркелу барысында бұрын СМС арқылы жолданған кодтар автоматты түрде ұпай ретінде жеке кабинетіңіздегі балансқа есептеледі. (Егер промо кодтар сайтқа тіркелу барысында көрсетілген ұялы телефоннан жолданған смс арқылы келетін болса)

Сұрақ қою (Кері байланыс)


* Барлық жолақтардың толтырылуы міндетті