«Кросс-промо Kinder»

ынталандырушы шара – жарнамалық науқанды жүргізу ережесі

(бұдан әрі – «Науқан ережелері»)

  1. «Кросс-промо Kinder» ынталандырушы шара – жарнамалық науқан туралы жалпы мәліметтер (әрі қарай – «Науқан»):
    • Шара: «Кросс-промо Kinder» ынталандырушы шара – жарнамалық науқанының мақсаты «KinderÒ» тауарлық белгісімен сатылатын тауарды жарнамалау, нарықта жылжыту, тұтынушылардың назарын аудару және өтімін ынталандыру болып табылатын шараны білдіреді, атап айтқанда:
  • қаптамада сүтті салмасы бар «KinderChocolate» сүт шоколады, таза салмағы 100гр.,
  • қаптамада ішінде ойыншығы бар және ішкі қабаты сүттен жасалған сүт шоколадынан «KinderSurprise» жұмыртқасы, таза салмағы 20 г.,
  • қаптамада ішінде ойыншығы бар «KinderJoy» кондитерлік өнімі: какао құйылған екі вафельдік шариктері мен какаомен сүт-жаңғақ пастасы, таза салмағы 20 г.

(бұдан әрі мәтін бойынша «Киндер Өнімі»),

Науқан  лотерея болып табылмайды. Науқан төменде мазмұндалған Ережелерге сай көпшілікке арналған ашық, қатысушылары алдын ала іріктелмейтін ынталандырушы жарнамалық шара болып табылады. Науқанға қатысу үшін төлем алынбайды.

Науқанды өткізу кезеңінде Өнімнің құны Науқанды өткізу мерзімінен тыс осындай өнімдердің құнынан аспайды. Сонымен, Қатысушы Өнімді сатып ала отырып, Науқанның өткізілуіне байланысты ешқандай қосымша ақы төлемейді.

 Науқанға қатыстырылатын тауар:

  • қаптамада сүтті салмасы бар «KinderChocolate» сүт шоколады, таза салмағы 100гр.,
  • қаптамада ішінде ойыншығы бар және ішкі қабаты сүттен жасалған сүт шоколадынан «KinderSurprise» жұмыртқасы, таза салмағы 20 г.,
  • қаптамада ішінде ойыншығы бар «KinderJoy» кондитерлік өнімі: какао құйылған екі вафельдік шариктері мен какаомен сүт-жаңғақ пастасы, таза салмағы 20 г.
    • Науқанның Ұйымдастырушысы және Операторы:

Науқанның Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады, атап айтқанда,

«Ферреро Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мемлекеттік тіркелу туралы анықтамасының №3187-1910-02-ЖШС (ИУ) 18.01.2013 ж., БСН  130140009072, заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, Радостовец көш.қ., 151/115-үй, 806-кеңсе),

Науқанның Операторы  ҚР заңнамасына сәйкес құрылған, Науқанды өткізуге Ұйымдастырушымен келісім-шарт жасасқан, сол келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында өз атынан, бірақ Ұйымдастырушының есебінен және оның тапсырмасы/міндеттемесі бойынша осы Ережелерге сәйкес Науқанға қатысу нәтижесінде  Науқанға (Науқан Жүлделеріне) қатысқаны үшін марапатты алуға құқылы тұлғарды анықтау, сондай-ақ Науқанның жүлделерін алушыларға жолдау (жеткізу) мақсатында әрекет ететін заңды тұлға, атап айтқанда:

«KogiDigitalAgency» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және қызмет ететін  заңды тұлға (БСН 120140010163, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Осенняя көш., 9), әрі қарай «Оператор» немесе «Науқан Операторы» деп аталады.

  • Науқанды өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы (әрі қарай – ҚР).
  • Науқанды өткізу орны:
    • Науқанды Ұйымдастырушы Интернет желісінде kinderchocolate.kz сайтында өткізеді (әрі қарай – «Науқан сайты»).

Науқанның жалпы мерзімдері (Науқанның Жүлделерін, Бас Жүлделерін табыстау мерзімін қоса алғанда): 2017ж.  «17» сәуірден бастап 2017 ж.  «11» маусымға дейінгі кезеңде (осында және әрі қарай екі күн қоса есептеледі).

  • Науқан мерзімі, атап айтқанда осы Ережеде көрсетілген тәртіппен Науқанның сайтында фискальды Чектерді тіркеу кезеңі (әрі қарай мәтін бойынша – «Чек»): 2017ж. «17»сәуірде сағат 00:01-ден бастап 2017ж. «28» мамырда сағат 23:59-ге дейін (осында және әрі қарай жергілікті уақыт).
  • Күн сайынғы Жүлделерді алу құқығын иеленген тұлғаларды, атап айтқанда: 2017 жылғы «18» сәуірден бастап 2017 ж. «29» мамырға дейінгі кезеңде осы Ережемен анықталған тәртіппен Науқан жеңімпаздарын анықтау кезеңі.
  • Науқанның Бас Жүлделерін алу құқығын иеленген тұлғаларды анықтау, атап айтқанда: осы Ережемен анықталған тәртіппен тіркелген чектердің ең көп санын Науқанды жүргізу кезеңінде жинаған Қатысушыларды анықтау күні: 2017 жылғы «29» мамыр.
  • Сайтта Күн сайынғы ұтыс ойынының Жеңімпаздарын жариялау кезеңі: 2017 ж. «18» сәуірден бастап 2017 ж. «29» мамырға дейінгі кезеңде.
  • Науқан сайтында Науқанның Бас Жүлделерін алу құқығын иеленген Жүлдегерлерді жариялау күні: 2017ж. «29» мамыр.
  • Күн сайынғы Жүлделерді осы Ережеге сәйкес анықталған алушыларға табыстау күні: 2017ж. «29» сәуір, 2017ж. «30» сәуір, 2017ж. «6» мамыр, 2017ж. «7» мамыр, 2017ж «13» мамыр, 2017ж. «14» мамыр, 2017ж. «20» мамыр, 2017ж. «21» мамыр, 2017ж. «27» мамыр, 2017ж. «28» мамыр, 2017 ж. «3» маусым, 2017 ж. «4» маусым, 2017 ж. «10» маусым, 2017 ж. «11» маусым күндері сағат 12:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін
  • Науқанның Бас Жүлделерін осы Ережеге сәйкес анықталған алушыларға табыстау күні: 2017 ж. «3» маусымдағы, 2017 ж. «4» маусымдағы, 2017 ж. «10» маусымдағы, 2017 ж. «11» маусымдағы күндерге сағат 12:00-ден сағат 18:00-ге дейін
  • Осы Науқанды өткізу ережесі (бұдан әрі – «Ереже») Науқан өткізілетін тұлғалар шеңберін, Науқанды өткізу әдісін, Күн сайынғы ұтыс ойындарын жүргізу тәртібін, Күн сайынғы Науқан жүлделерін ойнату нәтижелерін жариялау мерзімі мен тәртібін, Бас Жүлделерді иеленушілерді жариялау мерзімдерін анықтау тәртібін, Жүлделердің мөлшері мен нысанын, Жүлдені тапсыру/беру орны мен тәртібін анықтайды.
  1. Науқанның қатысушылары:
    • Науқанға әрекетке қабілетті жеке тұлғалар – ҚР жасы 18 (он сегізге) толған, ҚР аумағында тұратын, Интернеттің ғаламдық желісін пайдаланушы және осы Ереженің 1.2-тармағында көрсетілген Өнімді тұтынушы болып табылатын, осы Ережелердің 3.1-тармағында көзделген нәтижесі Науқан сайтына Чекті тіркеу болып табылатын бағдарлы іс-қимылды жүзеге асырған азаматтар қатыса алады (жоғарыда және әрі қарай – осы Ереже мәтіні бойынша «Қатысушылар» деп аталады).
    • Науқанға Ұйымдастырушының, Оператордың және олардың үлестес тұлғаларының қызметкерлері мен уәкілетті өкілдері, сонымен қатар осындай қызметкерлер мен өкілдердің отбасы мүшелері, сол сияқты Науқанның ұйымдастырылуына және/немесе өткізілуіне тікелей қатысы бар басқа да тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері, олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды.
    • Қатысушылар Науқанға қатысу мен Жүлделерді алумен байланысты барлық әрекеттерді Науқанның Ережесінде белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
    • Әрбір Қатысушы осы Ережеге сай әрбір Қатысушының тіркетуге саны шектелмеген Чектерді қатысуға (Науқан сайтына орналастырып) ұсына алады.
    • Ұйымдастырушы Қатысушының жасы мен жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге құқылы.
    • Науқан өткізуді тоқтатқан/ Науқан өткізуді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Науқан Ұйымдастырушысы қолжетімді www.kinderchocolate.kz Науқанның сайтында және/немесе Ұйымдастырушының таңдауы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында Науқанды өткізуді тоқтату/Науқанды мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама немесе қандай да басқа тәсілмен осындай тоқтату/аяқтау туралы жария етуі керек.
    • Науқан Операторы Науқанды жүргізудің жарияланған мерзімінде немесе Науқанды өткізуді тоқтата тұру / мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама жариялаған күнге дейін немесе осындай тоқтата тұру/тоқтату туралы өзге жария хабарламаға дейін Науқанға қатысуға өтінім берген Науқан Жүлдегерлеріне және Күн сайынғы Жүлделердің Жеңімпаздарына Жүлдені табыстауға міндетті.
    • Науқанды өткізуді тоқтата тұру немесе мерзімінен бұрын тоқтату Науқан Ұйымдастырушысын немесе оның тапсырмасы бойынша Операторды Науқанға қатысуға өтінімді Науқанды өткізуді тоқтата тұрған немесе мерзімінен бұрын тоқтатқанға дейін берген Науқанның Жеңімпаздары мен Жүлдегерлеріне Жүлделерді тапсыру қажеттілігінен босатпайды.
    • Науқан Ұйымдастырушысы Науқанның Науқанға қатысуға өтінім берген Қатысушыларына қатысты Науқанның өткізілуін аяқтауға, сонымен қатар Жүлделерді тапсыруға және басқа да барлық әрекеттерді орындауға міндетті.
    • Тұлғаның Науқанға қатысуға өтінім беруі, атап айтқанда, осы Ережелердің 3-тармағында көзделген бағдарлы іс-қимылды орындауы Ұйымдастырушының Науқанға қатысу офертасының акцепті болып табылады және Науқанға Қатысуға өтінім берген тұлғаның осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша таныстырылатын осы Ережелермен (Науқанның ережелерімен) келісетіндігін білдіреді.
    • Науқанның Қатысушысы Науқан Ұйымдастырушысынан (Операторынан) Науқан туралы ақпараттарды Науқанның Ережелеріне сай алуды талап етуге құқылы.
    • Науқанның Қатысушысы Науқан Ұйымдастырушысынан Жүлденің заттай түрінің орнына Жүлденің ақшалай баламасын талап етуге құқылы емес.
    • Науқанды өткізу мақсатында Ұйымдастырушыға (Операторға) Қатысушылар туралы ақпарат, оның ішінде осы Ережелердің 3.1.1. тармақтарында көрсетілген тізімдерге сәйкес Науқанға Қатысушылардың дербес деректері қажет. Науқанның Қатысушылары осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген тәртіппен нақты және өзекті (сенімді) деректерді көрсетуге міндеттенеді. Науқанды Ұйымдастырушы (Оператор) Науқанға Қатысушыдан алынған ақпаратты осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылғандардан басқа жағдайда үшінші тұлғаларға бере алмайды. Қатысушылар ерікті түрде ұсынған кез келген ақпарат, оның ішінде, дербес деректерін Ұйымдастырушы, оның өкілетті өкілдері және/немесе жарнама агенттіктері Науқан жүргізумен байланысты емес мақсатта, оның ішінде Науқан ұйымдастырушысын жарнамалау мақсатында Қатысушылардан осы Ережелермен көзделген тәртіппен қосымша жазбаша келісім алған жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
    • Осы Ережелерде көрсетілген Науқан Жүлделерінің Ұйымдастырушының Науқанның Қатысушыларын оның өткізілуінен хабардар ету үшін пайдаланатын жарнамалық-ақпараттық материалдарында көрсететін Жүлденің кез келген фотосуреттерінен не графикалық суреттерінен өзгеше болуы ықтимал. Жүлделердің үлгілері, жиынтықтары, түстері мен өзге де параметрлері және сипаттамалары Науқан Ұйымдастырушысының шешімі бойынша анықталады және Қатысушылардың күткенінен өзгеше болуы ықтимал.
    • Науқанға қатыса отырып Қатысушы Науқанның Жүлделер ұтысының кездейсоқ таңдауға байланысты – ойын екендігін түсінеді, сәйкесінше, барлық Қатысушылар Науқанның Күн сайынғы Жүлдесі ұтысының Жеңімпазы бола алмайтындығымен келіседі.
    • Осы Ережелерге сай Науқанға қатысу айғағы Науқан Қатысушысының осы Ережелермен келісетіндігін білдіреді, сонымен қатар Науқан Қатысушысының Науқан Ұйымдастырушысының, Науқан Операторының Ұйымдастырушы/Оператор Науқанды өткізуге жұмылдыратын басқа да серіктесінің (әрі қарай – «өзге де серіктестер») Науқанды өткізу мақсатында кез келген амалмен Қатысушылардың Науқанның өткізілу мақсаттарына орай және осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша дербес мәліметтерін өңдеуіне осы Ережелерге сәйкес ерікті, нақты, ақпараттандырылған  және саналы түрде беретін келісімін білдіреді.

Науқанға қатысу туралы шешім қабылдай отырып Қатысушы кез келген ерікті түрде берілген ақпаратты, соның ішінде Қатысушының дербес деректері де бар, сонымен қатар Қатысушы Сайт арқылы берген кез келген басқа материалдардыҰйымдастырушының, оның құзырлы өкілдерінің (Оператордың және басқа да серіктестердің) Ұйымдастырушының осы Ережелерде қарастырылған міндеттемелері орындаумақсатында және (немесе) жарнамалық агенттіктердің жарнамалық мақсаттарда пайдалануы үшін Қатысушының қосымша келісімінсіз және қандай да бір ақының төлемінсіз өңделетіндігіне келісім білдіреді. Науқанның Қатысушылары олардың Науқанға қатысу үшін берген дербес деректері Ұйымдастырушының (Оператордың, басқа да серіктестердің) Науқанды өткізу мақсатында барлық қажетті амалдармен өңделетіндігін түсінеді және онымен келіседі, сонымен қатар осындай өңделуге, жоғарыда аталғандай, осы Ережелерге сай ерікті келісімін білдіреді.

Осы Ережелердің мақсаттарына орай дербес деректер дегеніміз тікелей немесе жанама түрде белгілі немесе белгілі болатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) қатысты ақпараттар.

Дербес деректердің өңделуі  дегеніміз осы Ережелер бойынша дербес деректерге қатысты автоматтандыру құралдарының қолданылуы арқылы немесе мұндай құралдардың қолданылуынсыз жүзеге асырылатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы, соның ішінде Науқанның Қатысушысы Науқанның өткізілу мақсаттарына байланысты беретін дербес деректерінің жиналуы, жазылуы, жүйеленуі, жиынтықталуы, сақталуы, нақтылануы (жаңартылуы, өзгертілуі),алынуы, пайдаланылуы, берілуі (таратылуы, ұсынылуы, жариялануы), тараптандырылуы, бұғатталуы, өшірілуі, жойылуы бар.

Дербес деректердің таратылуы дегеніміз осы Ережелер бойынша дербес деректердің белгісіз тұлғалар топтамасына ашылуына бағытталған әрекет, атап айтқанда: Науқан сайтында, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінде Қатысушы Науқан сайты арқылы Науқан барысында берген Науқанның Қатысушысының аты-жөнінің, электрондық поштасының, телефон нөмірінің, жасының, олар тұратын қаланың немесе елді мекеннің, сонымен қатар осы Ережелерде және (немесе) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда Қатысушының ұтысының (жүлдесінің) ашық түрде жариялануы.

  • Дербес деректердің өңделуін Науқан Ұйымдастырушысы, Науқан Операторы және Науқан ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша басқа да серіктестер ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының қағидаттары мен талаптарына сай жүзеге асырады.

Науқан Ұйымдастырушысына/Операторына Науқанның Қатысушысы болып табылмайтын тұлғалардың дербес деректерін беру барысында, мұндай мәліметтердің берілуі Науқанның мақсаттары үшін қажет деп танылатын жағдайларда, Қатысушылар тиісті үшінші тұлғалардың өкілдері Науқан Ұйымдастырушысы/Операторы үшін дербес деректер субъектілері болып танылады және осындай тұлғалардың Науқан Ұйымдастырушысының/Операторының дербес деректерін өңдеуіне келісім білдіргендігіне кепілдік береді. Қатысушылар өз беттерінше деребес деректердің құпиялылығына байланысты үшінші тұлғалар алдында жауапты болып табылады.

Науқан Ұйымдастырушысы, Науқан Операторы және Науқан Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері дербес деректердің рұқсатсыз қолданылудан қорғалатындығына кепілдік береді.  Қатысушылардың Науқанға қатысу мақсатында беретін барлық дербес деректерін Науқан Ұйымдастырушысы, Науқан Операторы және Науқан Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері ҚР қолданыстағы заңнамасына сай және осы Ережелерде қарастырылған талаптар бойынша сақтайды және пайдаланады.

Науқан Ұйымдастырушысы, Науқанның Операторы және Науқан Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестер төмендегі талаптарды сақтауға міндеттенеді және Қатысушыға дербес деректердің өңделуіне қатысты төмендегі кепілдіктерді береді:

–  дербес деректердің ҚР дербес деректердің қорғалуы саласындағы заңнамасының талапатарына сай өңделуін қамтамасыз ету, соның ішінде «Деребес мәліметтер және олардың қорғалуы туралы» Заңда қарастырылған қағидаттардың, талаптардың, дербес деректер операторының міндеттерінің сақталуына кепілдік беру;

– Науқан Қатысушыларының дербес деректерінің жиналуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және жүзеге асыру, соның ішінде «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы, сондай-ақ Науқан Қатысушыларының дербес мәліметтерін жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, анықтауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды ҚР территориясындағы мәліметтер қорын пайдалана отырып жүзеге асыру. Науқан Қатысушыларының дербес деректері бар деректер қорының Науқан Ұйымдастырушысы, Науқан Операторы және Науқан Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері пайдаланатын серверлері дүниежүзілік Интернет желісінде орналастырылған.

Осы арқылы Науқанның Қатысушылары дербес деректерінің орналасқан жерінен хабардар, олардың жиналуы мен өңделуі Науқанның мақсаттарына орай жүзеге асырылатындығымен таныс болып табылады.

–  дербес мәліметтерді Науқанның мақсаттары үшін және оған қажетті көлемде, сонымен қатар жарнамалық мақсатта жинау және өңдеу. Дербес деректерді дербес мәлімет субъектілерін қандай да бір өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ басқа да кез келген мақсатта пайдалану және басқа амалмен өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңда қарастырылған көлемде және жағдайда ғана жүзеге асырылады;

–  егер Науқан Ұйымдастырушысы, Науқан Операторы Науқанның Қатысушылары алдындағы өзінің міндеттерін орындау мақсатында Науқанның Қатысушыларының дербес деректерін үшінші тұлғаларға тапсыруға немесе басқа да амалмен ашуға міндетті болып табылса, аталған әрекеттерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның талаптарына сай жүзеге асыру;

–  Науқанға Қатысушылардың дербес деректерінің ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай өңделуі барысында қорғалуын және олардың құпия болып сақталуын қамтамасыз ету.

  • Науқанға Қатысушы өзінің дербес деректерін өңдеуге берген келісімін Науқан Операторына осы Ережелердің 1.2-тармағында көрсетілген мекен-жайға поштамен алынғандығы туралы мәлімдеме жасалатын тапсырысты хатпен хабарлама жолдау арқылы қайтып алуға құқылы.
  • Науқанға қатысу Ұйымдастырушының/Оператордың және басқа да серіктестерінің дербес ақпараттарын кез келген тәсілмен өңдеуіне, осындай мәліметтерді Науқан ұйымдастырушысының/Операторының және басқа да серіктестерінің мақсаттарына орай таратылуына келісімдерін береді. Олар дербес мәліметтердің қүпиялылығын сақтауға және өңдеу барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті болады және авторландырылған мәліметтерді өңдеу құралдарын пайдаланып, дербес мәліметтерді заңсыз жарияланудан қорғауға кепілдік береді. Науқан Қатысушыларының Науқан мақсатында хабарланған барлық дербес мәліметтері Науқанды Ұйымдастырушымен/Оператормен немесе басқа да серіктестерімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақталынады және өңделеді.
  • Науқанның Қатысушысы өзінің дербес деректерін өңдеуге берген келісімін Науқан Операторына осы Ережелердің 1.2-тармағында көрсетілген мекенжайға поштамен алынғандығы туралы мәлімдеме жасалатын тапсырысты хатпен хабарлама жолдау арқылы қайтып алуға құқылы.

2.21. Қатысушының дербес деректерді өңдеуге берген келісімнен бас тартуы туралы мәлімдеме алғаннан кейін Оператор олардың өңделуін тоқтатуға және осындай өңдеуді Оператордың міндеттемесі/тапсырмасы бойынша басқа да серіктестің жүзеге асыруын тоқтатуын қамтамасыз етуге міндетті, егер дербес деректердің сақталуы Науқанның мақсаттары үшін қажет болмаса дербес деректерді (егер дербес деректердің өңделуі Науқан Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын болса) аталған мәлімдеме алынған күннен бастап 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзім ішінде жоюға немесе жойылуын қамтамасыз етуге міндетті, Ұйымдастырушының дербес деректердің өңделуін дербес деректер субъектісінің келісімінсіз ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның немесе ҚР қолданыстағы өзге заңдарының талаптарына сай өңдеуге құқылы болып табылатын жағдайларын санамағанда.

  1. Науқанға қатысу үшін:
    • Науқанның Қатысушысы болу үшін Науқан өткізілетін кезеңде мынадай іс-әрекетті орындау қажет:
  • Kinder Өнімінің кемінде 2 (екі) бірлігін мына ассортиментте бірден сатып алу:

– қаптамада таза салмағы 100 гр KinderChocolate және қаптамада таза салмағы  20 гр KinderSurprise (кез келген топтама),

не

– қаптамада таза салмағы  100 гр. KinderChocolate және қаптамада таза салмағы 20 гр. KinderJoyв (кез келген топтама);

  • Науқанға қатысу үшін қажет Науқан Ережелерімен көзделген ассортиментте Kinder Өнімін сатып алуды растайтын Чектің суретін1.1 т. көрсетілгендей Науқанның сайтында чектің нөмірі мен чекті берген күнді, сауда нүктесінің БСН, сауда нүктесінің атауын немесе заңды тұлғаның атауын   міндетті көрсетіп, тіркеу (бұдан әрі мәтін бойынша – «сайт»);
  • Науқанға қатысу үшін алдымен тіркеу және Тіркеу нысанын толтыру арқылы Науқан сайтында Науқанға Қатысушының дербес деректерін өңдеуге келісімін беру рәсімдерін өту қажет:
  • Тіркелу нысанының терезесі: Қатысушының деректері

– Қатысушының байланыс телефонын енгізу (қаланың кодымен немесе оператордың коды көрсетілген ұялы телефон нөмірін 7 ХХХ ХХХ-ХХ-ХХ үлгісінде енгізу) (осы Ережелерде қарастырылған жағдайда Қатысушымен кері байланысу үшін, сонымен қатар Қатысушының Науқанның сайтына тіркелуі үшін логин ретінде пайдаланылады);

– Қатысушы тұратын қала;

– Email: электрондық поштаның мекен-жайы (оған сілтеме жолданады, сілтеме арқылы өзінің электрондық мекен-жайын растау қажет болады);

– Қатысушының Тегі және Есімі.

– Қатысушының баласы: бар/жоқ;

– Қатысушы баласының жасы;

– Қатысушы баласының жынысын таңдау: ұл / қыз.

3.1.2. Осы Ережелердің мәтінімен танысу және Қатысушы берген дербес деректердің өңделуіне, сонымен қатар олардың Науқанның мақсатына  пайдаланылуына келісім беру. Науқан сайтына тіркелу барысында берілген дербес деректердің өңделуіне келісім бергеннен кейін, сонымен қатар Науқанға Қатысушының он сегіз жасқа толғандығы расталғаннан кейін келісім ретінде төмендегі жазбалардың қарама-қарсы тұсында «құсбелгі» таңбасын қою, бұл қайсысының қолданылатындығына байланысты «келісемін» немесе «иә» деген жауапты білдіреді:

  • Мен Науқанның Ережелерімен келісемін. Мен дербес деректерімнің өңделуіне келісім білдіремін. Менің жасым толық 18 (он сегізден) асты;

3.1.3. Қатысушының дұрыс емес (қате) және (немесе) нақты емес (шынайы емес) мәліметтерді Науқан сайтында тіркеу барысында Науқанға осы Ережелердің 3.1.1-тармақшасында көрсетілген тәртіппен қатысуы үшін көрсетуі, осы Ережелердің 3.1.4., 3.1.6., 7.5. тармақтарына сәйкес дұрыс емес (қате) және (немесе) нақты емес (шынайы емес) деректерді беруі Науқан Ұйымдастырушысын Жүлдені табыстау міндетінен босатады және автоматты түрде осындай Қатысушының Науқанға қатыстырылмауына алып келеді.

  • Мына Чектер қате деп есептеледі, ескерілмейді және тіркелмейді:
  • Чектен толық ақпарат алуға мүмкін емес қатесі бар чек;
  • Науқанға қатысуға өтінімді қабылдау кезеңінің басталу күнінен бұрын (2017ж. «17» сәуірдегі сағат 00:01-ден бұрын (жергілікті уақыт)) тіркелген
  • Науқанға қатысуға өтінімді қабылдау кезеңінің аяқталған күнінен кеш (2017ж. «28» мамырдағы сағат 23:59-ден кеш (жергілікті уақыт)) тіркелген
    • Науқан Қатысушысы тіркеген чектер мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
  • Чектің суретін jpg форматына жүктеген кезде суреті анық болуы тиіс.
  • Чекте мына деректер көрсетілуі тиіс:
  • Чектің нөмірі;
  • БСН;
  • Сауда нүктесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы;
  • Сатып алу күні Науқанды өткізу кезеңіне сәйкес келуі тиіс;
  • Науқанға қатысу үшін қажет ассортименттегі Kinder өнімінің атауы мен саны.
    • Науқан сайтында чектерді тіркеу барысында чектер мына жағдайда қаралмайды, егер:
  • Ұйымдастырушы Чекті бірегейлендіре алмаса (чектің суреті анық емес);
  • Чек Науқанға қатысуға өтінімді қабылдау кезеңінің басталу күнінен бұрын (2017ж. «17» сәуірдегі сағат 00:01 -ден бұрын (жергілікті уақыт)) алынса
  • Чек Науқанға қатысуға өтінімді қабылдау кезеңінің аяқталған күнінен кеш (2017ж. «28» мамырдағы сағат 23:59-ден кеш (жергілікті уақыт)) алынса
  • Чекте Kinder өнімінің қажетті ассортименті жоқ.
  • Чекте 3.1.5 т. көрсетілген нақтылау жоқ.

Барлық жүктелген чектердің суреттері берілген чектерді өңделетін Науқан қатысушылары туралы ақпарат бар Науқанды Ұйымдастырушы сайтының серверіндегі деректер қорында сақталады.

  • Осы Ережелердің шарттарына сәйкес Науқан сайтында Науқан Қатысушысы тіркеген чектерді Науқан жүргізілетін кезеңнің ішінде сақтаудың қажеті жоқ. Науқан Қатысушысын Науқанның Күн сайынғы Жүлделерінің Жеңімпазы болып жарияланған жағдайда осындай Қатысушыға Ұйымдастырушыға Науқан сайтында чекті тіркеу барысында көрсетілген деректерді беру жеткілікті (Тегі, аты, телефон нөмірі).
  1. Күн сайынғы Жүлделер ұтысының Жеңімпаздарын анықтау тәртібі.
  • Науқанның Күн сайынғы Жүлделер ұтысының Жеңімпаздары мына тәртіппен анықталады:

4.1.1. 2017 ж. «18» сәуірден бастап 2017 ж. «29» мамырға дейінгі кезеңде 12:00 (Астана уақыты) Науқанның сайтын басқаратын арнайы сервистің көмегімен Акция өткізілетін кезеңде тіркелген Чектер арасында Жеңімпаздың чегін кездейсоқ анықтау арқылы Науқанның күн сайынғы Жүлделері (жиынтығы 42 (қырық екі) ұтыс ойыны) ойнатылады.

Ұтыс ойыны мына тәртіппен жүргізіледі:

Науқан сайтын басқаратын арнайы сервис Науқан сайтының серверінде ғана жұмыс істейтін  PHP тілінде әзірленеді. Сервис Науқан қатысушылары тіркеген Чектің барлық суретіне берілген нөмірлерге Деректер қорында берілген уақыт аралығында (уақыт, күн) Науқан сайтындағы жеке кабинет арқылы іріктейді және тіркелу барысында Чектің суретіне берілген нөмірді кездейсоқ таңдау арқылы анықтайды. Күн сайын Науқанның 44 (қырық төрт) Күн сайынғы Жүлделері ойнатылады.

4.1.2. Егер Науқан Қатысушысы Науқанды өткізудің барлық кезеңінде бірнеше Чектерді тіркесе, онда күн сайынғы ұтыс ойынында барлық тіркеген Чектер қатысады.

4.1.3. Науқанның Күн сайынғы Жүлдесінің Жеңімпазымен байланыс орнату үшін және оны ұтыс туралы хабарлау үшін келесі әрекет жасалады:

– тіркеу кезінде көрсетілген телефон нөміріне Жүлде түрі көрсетілген ұтыстың нәтижесі туралы СМС хабарлама жіберіледі,

– Науқан сайтында «Жеңімпаздар» бөлімінде Жүлделер және Жүлденің атауы, Жеңімпаздың Тегі, Есімі, Қаласы және жеке кабинет тіркелген телефонның соңғы 4 нөмірі бар Жеңімпаз деректері туралы ақпарат жарияланады.

Науқанның сайтында күн сайынғы ұтыс нәтижелері туралы ақпарат сағат 14.00-ден кешіктірмей сол күні ұтыс ойнатылғаннан кейін бірден жарияланады. Жеңімпаз өз қаласындағы жүлдені беру бекетіне осы Ереженің 8.6. тармағында көрсетілген деректерге сәйкес жұмыс уақытында және мерзімінде жүгінуі мүмкін.

Егер 2017 жылғы «11» маусымға дейін Жеңімпаз жүлдені алуға жүгінбесе, Науқан Қатысушысы Науқан Жеңімпазының мәртебесін жоғалтқан болып танылады. Мұндай жағдайда Науқан Операторы Жүлдені өз қалауы бойынша береді.

  • Науқанның күн сайынғы Жүлделері Науқанды танымал етуге шақырған жарнамалық-ақпараттық материалдарда орналастыратын көріністер мен фотосуреттерден ерекшеленуі мүмкін.
  1. Науқанның Жүлдегерлерін анықтау тәртібі:
  • Науқанның сайтында Чектердің ең көп санын тіркеген Қатысушы Науқанды өткізудің барлық кезеңінде Науқанның Бас Жүлдесін алуға құқығы бар.
  • Науқанның Бас Жүлдесін Науқанды өткізудің барлық кезеңінде Науқан сайтында Чектердің ең көп санын жүктеген бірінші 49 (қырық тоғыз) Қатысушы ғана алады.
  1. НАУҚАН ЖҮЛДЕЛЕРІ:
    • Науқанның Күн сайынғы Жүлделері.
      • Науқанның Күн сайынғы Жүлделерінің жалпы саны 1 848 (бір мың сегіз жүз қырық сегіз) жиынтықты құрайды.
      • Науқанның №1 Күн сайынғы Жүлдесі «Бірге өсеміз!» рюкзак жиынтығы болып табылады (жоғарыда және әрі қарай – «№1 жүлде»).
        • №1 Жүлделер саны 418 (төрт жүз он сегіз мың) дана.
        • Суреті:

  • Науқанның Күн сайынғы №2 Жүлдесі «Бірге өсеміз!» кофтасының жиынтығы болып табылады (жоғарыда және әрі қарай – «№2 Жүлде»).
    • №2 Жүлделердің саны 450 (төрт жүз елу) дана.
    • Суреті:

  • Науқанның Күн сайынғы №3 Жүлдесі «Бірге өсеміз!» бөтелкесінің жиынтығы болып табылады  (жоғарыда және әрі қарай – «№3 Жүлде»).
    • №3 Жүлденің саны 980 (тоғыз жүз сексен) дана болды.
    • Суреті:

  • Науқанның Бас Жүлдесі

6.2.1. Науқанның Бас Жүлдесі «Бірге өсеміз!» чемодандарының жиынтығы болып табылады     (жоғарыда және әрі қарай – «Науқанның Бас Жүлдесі»).

6.2.1.2.Науқанның Бас Жүлдесінің саны 49 (қырық тоғыз) дана.

6.2.1.3.Суреті:

6.3. Науқанның Күн сайынғы Жүлделері және Науқанның Бас Жүлдесі (сыртқы түрі (түсі, мөлшері), дизайны және мазмұны) Қатысушылардың күткеніндей болмауы мүмкін және осындай Жүлделердің Науқанды өткізу туралы тұтынушыларға ақпарат беруге шақырған жарнамалық-ақпараттық материалдарда бейнеленген суретімен сәйкес келмеуі мүмкін.

6.4. Жүлделер 2017 жылғы «11» маусымға дейін Жүлдегерлерге беріледі (жөнелтіледі немесе Ұйымдастырушының шешімі бойынша беріледі). Жүлденің заттай бөлігінің құнына ақшалай балама төленбейді, сондай-ақ, Ұйымдастырушы Жүлдені ауыстырмайды.

  1. Науқанның Күн сайынғы және Бас Жүлделерін беру тәртібі.

7.1. Науқан Жеңімпазы Науқанның Күн сайынғы Жүлделерін алу үшін, тіркеу кезінде көрсетілген мобильдік телефонға ұтыс туралы СМС алғаннан кейін Науқан Операторымен сайтта көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарласады немесе жұмыс уақытында жүлделерді беру орталықтарына  8.6. т. көрсетілген телефондар және/немесе мекенжайлар бойынша жүгінеді.

7.2. Науқан Жеңімпазы Науқанның Бас Жүлделерін алу үшін, тіркеу кезінде көрсетілген мобильдік телефонға Науқанның Бас Жүлдесін беру туралы СМС алғаннан кейін Науқан Операторымен сайтта көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарласады немесе жұмыс уақытында жүлделерді беру орталықтарына  8.6. т. көрсетілген телефондар және/немесе мекенжайлар бойынша жүгінеді.

7.3. Науқан Жеңімпазы / Жүлдегері жүгінген кезде Науқан Операторы Науқан Жеңімпазының / Жүлдегерінің осы Ережелердің талаптарын орындауын, соның ішінде, бірақ шектеусіз Науқан Қатысушысының азаматтығын, жасын, сайта тіркелген кезде көрсеткен телефонын тексереді.

7.4. Науқан Операторының немесе уәкілетті тұлғаның Науқан Жеңімпазына/ Жүлдегеріне Жүлдені беру фактісі Жүлдені қабылдау-беру тізімдемесімен расталады.

7.5.Науқан Жеңімпазы/ Жүлдегері Науқан Операторына мынадай жеке/жеке мәліметтерді/құжаттарды хабарлауға/табыс етуге міндетті:

– тегі, есімі, әкесінің аты;

– Науқан Қатысушысының жеке кабинеті тіркелген телефон нөмірі;

– почталық индекспен нақты тұратын мекенжай;

– Жеңіпаздың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түрі, сериясы, нөмірі, берген күні, берген органның атауы);

– Жеңімпаздың / Жүлдегердің Жүлдені алу үшін қажет осы Ережеге және/немесе ҚР қолданылатын заңнамасына сәйкес талап етілетін өзге ақпараты/құжаттары.

Осы Ереженің 7.5-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауы немесе бас тартуы дербес деректерді өңдеуге келісім беруден бас тартуға тең, толық емес/шынайы емес ақпаратты көрсеткенмен тең және/немесе Науқан Жүлдесін алу үшін қажет барлық ақпаратты ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған жағдайда Жеңімпаздың Науқанның Күн сайынғы Жүлдесінен, Жүлдегердің Науқанның Бас Жүлдесінен бас тартуын білдіреді.

7.6. Науқанның Күн сайынғы Жүлделері мен Науқанның Бас Жүлделері Науқан Жеңімпаздарына / Жүлдегерлеріне тиісінше Қатысушының 2017ж. «11» маусымға дейін  осы Ереженің 7.4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап, Жүлделерді беру орталықтарындағы Науқан Операторының өкілі немесе мұндай орталықтар қарастырылмаса жеткізу қызметінің курьері Ереженің 7.4-тармағында көрсетілген тәртіппен  Оператор алған почталық мекенжай бойынша табыс етеді немесе Оператордың офисінде табыс етіледі.

7.7. Егер Жеңімпаз / Жүлдегер Науқанның Күн сайынғы /Бас Жүлделерін алу үшін қажет Науқан ережелерімен реттелген мәліметтерді және/немесе құжаттарды ұсынбаса, 2017ж «11» маусымға дейін Жүлдені алуға жүгінбесе, ондай мұндай әрекет  Жеңімпазды / Жүлдегерді Науқанға қатысудан және/немесе тиісінше Жүлдеден бас тартуға әкеледі, Науқан Ұымдастырушысы мұндай Жүлделерді өзінің қарауы бойынша иелік етуге құқылы.

7.8 Науқанның Қатысушысы осы Ережелерде қарастырылған талаптарды бұзған жағдайда бұл әрекет Ұйымдастырушыда және/немесе Операторда қандай да бір шығынның орын алуына соқтырған болса Науқанға Қатысушы мұндай шығындарды толық көлемде өтеуге міндетті.

7.9 Ұйымдастырушы Қатысушының шеккен шығындарын (бұдан өзге де жағдайларды) қоса алғанда, Қатысушының қате болып танылған әрекетінің/әрекетсіздігінің қандай да бір салдары үшін жауапты емес.

7.10 Ұйымдастырушы, сондай-ақ Ұйымдастырушының Науқанды ұйымдастыруға және өткізуге уәкілетті тұлғалары байланыс операторы желісінің немесе Науқанға Қатысушының компьютері жалғанған интернет-провайдерінің желісінде техникалық іркілістер үшін жауапты емес; Науқанға Қатысушының компьютері жалғанған ұялы байланыс немесе интернет желісі операторының әрекеті/әрекетсіздігі үшін жауап бермейді.

  1. Науқан Жүлделерін алу шарты, тәртібі, орны мен мерзімдері.

8.1. Осы Ереженің 4.1., 5.1. тармағында көрсетілген Жүлделерді алу үшін Жеңімпаздар/Жүлдегерлер келесі іс-әрекетті орындауға міндетті:

8.1.1.Ұтыс туралы СМС хабарламаны не Науқанның сайтындағы Қатысушының жеке кабинетінде ақпаратты алғаннан кейін 2017 ж. «11» маусымнан кешіктірмей өз қалаңдағы Оператордың өкіліне жүгінуге немесе 8-800-080-87-87 жылдам желі телефоны бойынша Оператормен хабарласуға және  Оператордан электронды почта бойынша Жеңімпаз/Жүлдегер Жүлдені алу үшін ұсынуы тиіс қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ аталған құжаттарды ұсыну мерзімдері туралы ақпаратты қоса алғанда Жүлдені алу тәртібі, орны туралы барлық қажетті ақпаратты алуға;

Жүлдені алу үшін қажет мәліметтер мен құжаттардың тізбесі:

– Жеңімпаздың / Жүлдегердің тегі, есімі, әкесінің аты;

– Жеңімпаздың / Жүлдегердің почталық индексімен нақты тұратын мекенжайы;

– Жеңімпаздың / Жүлдегердің қаланың кодымен байланыс телефонының нөмірі;

– ұтқан Чекті тіркеу барысында көрсетілген Жеңімпаздың / Жүлдегердің мобильдік телефонының нөмірі;

– Жеңімпаздың / Жүлдегердің жеке куәлігінің көшірмесі (түрі, сериясы, нөмірі, берген күні, берген органның атауы);

– Жеңімпаздың / Жүлдегердің Жүлдені алу үшін қажет осы Ережеге және/немесе ҚР қолданылатын заңнамасына сәйкес талап етілетін өзге ақпараты/құжаттары.

8.1.2. Жүлдені тапсыру барысында Оператор беретін, осындай жүлдені алғанын растайтын құжатты (әрі қарай – «Тізімдеме») толтыру және қол қою, сондай-ақ осы Ережелердің 3.2.2-тармағына сәйкес Науқанның сайтына тіркелу барысында берілетін дербес деректерінің өңделуіне жазбаша келісімді беру қажет.

Жеңімпаздың/ Жүлдегердің жүлдені алғанын және/немесе дербес деректерін өңдеуге келісімін растайтын  Құжатты толтырудан және/немесе қол қоюдан бас тартуы толық емес/шынайы емес ақпаратты көрсеткенмен тең және/немесе жүлдені алу үшін қажет барлық ақпаратты ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған жағдайда  Жеңімпаздың/ Жүлдегердің Жүлдеден бас тартуын білдіреді.

8.2. Жеңімпаздан / Жүлдегерден Жүлдені алу үшін қажет мәліметтердің және/немесе құжаттардың (осы Қағиданың 7.5. т.) алынбауы Жеңімпаздың/Жүлдегердің Науқанға қатысудан және Жүлдеден бас тартуын білдіреді.

  • Ұйымдастырушы талап етілмеген Жүлделерді өзінің қалауы бойынша пайдалануға құқығы бар.
  • Ұйымдастырушының Жүлделердің сапасына қатысты міндеттемесі жүлдені өндірушілер не Жүлденің құрамдас бөлігіне кіретін қызметті тікелей көрсететін тұлғалардың кепілдіктерімен шектеледі. Жүлдегерлердің Жүлденің сапасына қатысты шағымдарының жүлдені өндірушілерге/ тиісінше қызметті көрсететін тұлғаларға тікелей қойылуы тиіс. Жүлделердің жарамдылығын (қолданылатын болса) Қатысушылар Жүлдені алу барысында тексеруі тиіс. Жүлденің сыртқы түрі мен дизайны жарнамалық материалдарда бейнеленгеннен ерекшеленуі мүмкін.
  • Ұйымдастырушы Қатысушының шеккен шығындарын (бұдан өзге де жағдайларды) қоса алғанда, Қатысушының қате болып танылған әрекетінің/әрекетсіздігінің қандай да бір салдары үшін жауапты емес.
  • Науқанның Жүлделері мен Сыйлықтарын Беретін Бекеттердің орны мен жұмысының мерзімдері.

Жүлделер Қатысушыға Науқанның Жүлделері мен Сыйлықтарын Беретін Бекетте төменде көрсетілген күн мен уақытта Науқанның Ұйымдастырушысының өкіліне жүгінген сәтінде береді.

Күн сайынғы Жүлделерді осы Ережеге сәйкес анықталған алушыларға табыстау күні: 2017ж. «29» сәуір, 2017ж. «30» сәуір, 2017ж. «6» мамыр, 2017ж. «7» мамыр, 2017ж «13» мамыр, 2017ж. «14» мамыр, 2017ж. «20» мамыр, 2017ж. «21» мамыр, 2017ж. «27» мамыр, 2017ж. «28» мамыр, 2017 ж. «3» маусым, 2017 ж. «4» маусым, 2017 ж. «10» маусым, 2017 ж. «11» маусым күндері сағат 12:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін

Жүлделер мен Сыйлықтарды Беретін Бекеттердің мекенжайы мен телефондары:

Город Мекенжайы Телефон Жүлделер мен Сыйлықтарды беру пункттерінің уақыты мен жұмыс күні
Ақтау Маңғыстау облысы, 11 ықш., 19-үй, 4-пәтер 87015236737  

 сағ 12.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт)

2017ж. «29» сәуір

2017ж. «30» сәуір,

 

2017ж. «6» мамыр,

2017ж. «7» мамыр,

«2017ж. 13» мамыр,

2017ж. «14» мамыр ,

2017ж. «20» мамыр,

2017ж. «21» мамыр,

2017ж. «27» мамыр,

2017ж. «28» мамыр,

 

2017 ж. «3» маусым, 2017 ж. «4» маусым, 2017 ж. «10» маусым,

2017 ж. «11» маусым

Ақтобе  Ағайынды Жұбановтар 287-үй 87078872646
Алматы Гоголь к-сі 84а 402-офис 87477144393
Астана Рыскулбеков к-сі 16/3 кВ 251 87758375830
Атырау СМП 136, 5-үй, 31-пәтер 87021679795
Қарағанды Рыскұлов к-сі 7, 7-офис 87074290888
Көкшетау Матросов к-сі, 41 А 87084443546
Қостанай Ю.Журавлева к-сі 9в, 4-пәтер 87773043313
Қызыл-Орда Байтұрсынов к-сі 3, 23-пәтер 87770679797
Павлодар Кутузов к-сі 168, 44-пәтер 87479050070
Петропавл Потанин к-сі 61, 8-офис 87027227270
Семей Б кварталы, 7-үй, 12-пәтер 87014429431
Шымкент Аймауытов к-сі н/ж Тонус фитнес орталығына қарама-қарсы, «Аптека управление» аялдамасы 87077844504
Талдықорған Восточный ы/а. Тольятти к-сі 19-1. 87077944640
Тараз Тараз 1, Қажымұқан тұйық к-сі, 8-үй 87775859739
Орал Северо – Восток 2 ы. а., 38-үй, 49-пәтер. 87753007747
Өскемен Утепов к-сі 25/1, “Океан” СҮ 87772021596

Алынбаған Сыйлықтарды сақтау тәртібі және оларды Сыйлықтарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін алу:

Алынбаған Сыйлықтар Науқанды Ұйымдастырушыда (Операторда) 2017 ж. «11» маусымды қоса есептегенде сағат 18:00-ге дейін сақталады.

Науқан шарттарында талап етілмеген Сыйлықты сақтау  және Науқанды өткізу аясында Жүлделер мен Сыйлықтарды Беру Бекеттерінің жұмыс кезеңінің аяқталуы бойынша талап ету мүмкіндіктері көзделмеген.

2017 жылдың «11» маусымында сағат 18:00-ге дейін барлық талап етілмеген Жүлделер Ұйымдастырушы меншігінде қалады, Жүлдені ол өзінің қалауы бойынша пайдаланады.

  1. Салықтар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасының салық туралы заңнамасына сәйкес, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 160-бабының 4-тармағына сәйкес төлем көзінен салық салынатын табыстарға Жүлделер жатады. Табыстың (ұтыстың) осы түрі бойынша ЖТС есептеу және ұстап қалуды салық агенті – Науқанның Операторы – Науқанның Жеңімпазына қатысты жүзеге асырады.

Қатысушы Науқанның Бас Жүлдесі (қос чемодан) түріндегі табысты алады, салық агенті олар үшін тиісті салықты (жеке табыс салығын) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлейді.

  1. Науқан Қатысушылары Науқанды өткізу шарттары мен мерзімдері туралы ғаламдық Интернет желісіндегі қолжетімді kinderchocolate.kz мекенжайында (доменде) Науқанды өткізудің толық шарттарын орналастыру арқылы хабарланады.
  2. Науқанның қысқаша шарттарын:

11.1 Науқанның www.kinderchocolate.kz сайтынан білуге болады.

11.2 Жедел желі телефоны бойынша 8 800 080 87 87 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) білуге болады.

  1. Науқанды өткізу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда бұл туралы ақпаратты Оператор Науқанның сайтында орналастырады.

13. Науқанның Ережелері өзгерген, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған немесе өткізілмейтін жағдайда Оператор бұл туралы Қатысушыларға тиісінше хабарландыруды Науқанның сайтында орналастыру арқылы хабарлайды.