Правила

«Киндер Шоколадтың Жаңа жұлдызы»
жарнамалық Науқанын өткізу Ережелері
(әрі қарай - «Науқанның Ережелері»)

1.     «Киндер Шоколадтың Жаңа жұлдызы» жарнамалық Науқаны (әрі қарай– «Науқан») туралы жалпы мәліметтер:
1.1.    Науқанның өткізілу территориясы: Қазақстан Республикасы (әрі қарай- ҚР).
1.2.    Науқанның Ұйымдастырушысы және Операторы:
Науқанның Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сай құрылған заңды тұлға болып табылады, атап айтқанда,
«Ферреро Қазақстан» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі

1.3.    Науқан төменде мазмұндалып отырған Ережелерге сай қатысушылар алдын ала жіктелмейтін және іріктелмейтін, ашық бұқаралық ынталандырушы жарнамалық шара ретінде өткізіледі. Науқанға қатысу үшін төлем алынбайды. Науқан Ұйымдастырушы саудалайтын тауарды жарнамалау, оны таратуды ынталандыру, нарықта танымалдандыру және оған тұтынушылардың назарын аударту мақсатында өткізіледі, атап айтқанда:
- таза салмағы 50 гр. және 100 гр. сүттік салындысы бар сүттік «Kinder Chocolate» (әрі қарай – «Киндер Шоколад»),
- таза салмағы 84 гр. сүттік салындысы бар сүттік «Kinder Chocolate Maxi» (әрі қарай – «Киндер Шоколад Макси»),
- таза салмағы 94 гр. сүттік-дәндік салындысы бар сүттік «Kinder Chocolate with cereals» (әрі қарай – «Киндер Шоколад дақылдармен»), (әрі қарай бірге - «Киндер Өнімі»).
Науқанға арнайы қаптамадағы таза салмағы 50 гр. және 100 гр. Киндер Шоколад Өнімдерінің, сондай-ақ таза салмағы 84 гр. және 94 гр. арнайы жабыстырылған промо-стикері бар Киндер Шоколад Макси Өнімдерінің тұтынушылары қатысады, аталған Өнімдерге Науқан басталғанға дейін Ұйымдастырушы (немесе оның өкілетті тұлғасы) Науқанға қатысу үшін қажетті арнайы код (әрі қарай - «Код») жазылады (әрі қарай – арнайы Жарнамалық қаптама және арнайы промо-стикері бар қаптама «Жарнамалық қаптама» деп аталады).
Беткі жағы                                                            Артқы жағы

Промо-стикердің суреті

Код Өнімнің қаптамасының ішкі жағында көрсетілген, араб сандары мен латын әріптерінің сегіз орынды үйлесімін білдіреді. Өнімнің Жарнамалық қаптамаларындағы Кодтар қайталанбайды. Бір Кодты Науқанға қатысу мақсатында тек 1 (бір) рет қана пайдалануға болады.
Арнайы Жарнамалық қаптамадағы немесе Код жазылған промо-стикері бар Өнімінің бағасы (осы Ережелерде анықталғандай) Науқанды өткізу кезеңінде осындай өнімдердің Науқан мерзімінен тыс кездегі бағасынан аспайды. Осылайша, арнайы Жарнамалық қаптамадағы немесе Код жазылған промо-стикері бар Өнімді сатып ала отырып Қатысушы Науқанның өткізілуіне қатысты ешқандай қосымша ақы төлемейді.

1.4.    Науқанның өткізілетін орны:

1.4.1.    Науқанды Ұйымдастырушы дүниежүізілік Интернет желісінде www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсында өткізеді (әрі қарай - «Сайт»).
1.4.2.    Байқау өткізудің қосымша құралы Байқауды орындауға арналған, осы Ережелерде бекітілген (сонымен қатар дүниежүзілік Интернет желісінде www.kinderchocolate.kz сайтында жарнамалық алаңға бармастан орындауға болады), ҚР қалаларындағы – Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Байқау өткізу үшін арнайы жарнамалық жабдықтармен жасақталған жарнамалық алаңдар болып табылады (әрі қарай – «Алаңдар»).
Список торговых центровАлаңдар ұйымдастырылатын сауда орындарының тізімі мен Алаңдардың жұмыс тәртібі (Байқаудың Интернет-ресурсында да көрсетілген):

Алаңдар орналастырылатын жер

СОО Алаңның орны

Алаңның жұмыс уақыты

«MEGA Alma-Ata» СОО, Алматы қ., Розыбакиев көш., 247 А.

2-қабат, №В26 бутикке қарама-қарсы

Сағат 12:00 бастап 21:00 сағатқа дейін

(жергілікті уақыт)

21.10.2017 ж., 22.10.2017 ж.,

28.10.2017 ж., 29.10.2017 ж.,

04.11.2017 ж., 05.11.2017 ж.,

11.11.2017 ж., 12.11.2017 ж.

«Керуен» СОО, Астана қ., Достық көш., 9

3-қабат, тамақтану аумағы

«MEGA Aktobe» СОО, Ақтөбе қ., Маметова көш., 4

2-қабат, кіші атриум

«Shymkent Plaza» СОО, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 3/1

1-қабат, орталық кіреберіс қасында

1.5.    Науқанның жалпы мерзімдері (Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін жеткізу мерзімдерін қоса алғанда): 2017 жылдың «01» қазанынан бастап 2018 жылдың «31» қаңтарына дейін (осы жерде және әрі қарай екі күнді қоса алғанда).
1.5.1.    Науқанның мерзімі, атап айтқанда Кодтарды Науқанның Интернет-ресурсында тіркеу және Кодтарды осы Ережеде бекітілген тәртіп бойынша СМС арқылы жолдау кезеңі (осы жерде және әрі қарай Астана уақытымен): 2017 жылдың «01» қазанының 00:01 сағатынан бастап 2017 жылдың «25» қарашасының 23:59 сағатына дейін.
1.5.2.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін алу құқығына ие болған тұлғаларды анықтау мерзімі, атап айтқанда: Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі ұтысының Жеңімпаздарын осы Ережелерде бекітілген тәртіп бойынша – 2017 жылдың «08» қазаныан бастап 2017 жылдың «26» қарашасына дейін әр аптаның жексенбі күні.
1.5.3.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі ұтысының Жеңімпаздарын жариялау мерзімі осы Ережелерде бекітілген тәртіп бойынша – 2017 жылдың «08» қазаныан бастап 2017 жылдың «26» қарашасына дейін әр аптаның жексенбі күні.
1.5.4.    Науқанның Апта сайынғы Жүлделерін осы Ережелерге сай анықталған иелеріне табыстау мерзімдері – 2017 жылдың «09» қазанынан бастап 2017 жылдың «10» желтоқсанына дейін.

1.6.    Науқанды өткізудің осы Ережелерінде (әрі қарай – «Ережелер») араларында Науқан өткізілетін тұлғалар топтамасы, Науқанның өткізілу механикасы, Науқанның Апта сайынғы Жүлделерінің иелерін анықтау мен оларды жариялау мерзімдері, Науқанның Апта сайынғы Жүлделерінің түрі мен көлемдері, оларды тапсыру/беру орындары мен тәртібі бекітілген.

2.    Науқанның Қатысушылары:
2.1.    Науқанға жасы 18 (он сегізге) толған, ҚР территориясында тұратын, дүниежүзілік Интернет желісінің пайдаланушысы және осы Ережелердің 1.3-тармағында көрсетілген Өнімнің тұтынушысы болып табылатын, нәтижесі Науқанның Интернет-ресурсында немесе СМС арқылы Код тіркеу болып табылатын осы Ережелердің 3.1-тармағында қарастырылған конклюденттік әрекеттер ретін жүзеге асырған, әрекетке қабілетті жеке тұлғалар - ҚР азаматтары  (жоғарыда және осы Ережелердің мәтіні бойынша әрі қарай «Науқанның қатысушылары» деп аталады) қатыса алады.
2.2.    Науқанға Ұйымдастырушының, Оператордың және олардың аффилирленген тұлғаларының қызметкерлері мен құзырлы өкілдері, сонымен қатар осындай қызметкерлер мен құзырлы өкілдердің отбасы мүшелері, сол сияқты Науқанның ұйымдастырылуына және/немесе өткізілуіне қатысты тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды.
2.3.    Қатысушылар Науқан төңірегінде тіркей алатын Кодтар саны шектелмеген.
2.4.    Ұйымдастырушы Қатысушының жасы мен тұлғасын растау үшін жеке басты куәландыратын құжатты талап етуге құқылы.
2.5.    Науқан тоқтатылатын/ Науқанның уақытынан бұрын аяқталатын жағдайларында Науқанның Ұйымдастырушысы Науқанның Интернет-ресурсында www.kinderchocolate.kz  және/немесе Ұйымдастырушының таңдауы бойынша оңтайлы амалмен Науқанның тоқтатылатындығы/Науқанның уақытынан бұрын аяқталатындығы туралы хабарлама жариялауға немесе осындай тоқтату/аяқтау туралы басқа амалмен мәлімдеме жасауға міндетті.
2.6.    Науқанның Операторы Науқанды өткізу мерзімі ішінде немесе Науқанның өткізілуінің тоқтатылатындығы/Науқанның уақытынан бұрын аяқталатындығы туралы хабарлама жарияланғанға дейінғ болмаса осындай тоқтату/аяқтау туралы басқа амалмен мәлімдеме жасалғанға дейін Науқанға қатысуға өтінім берген Қатысушылар арасынан Апта сайынғы Жүлделер ұтысы иелері ретінде анықталған тұлғаларға Жүлделерді табыстауға міндетті.
2.7.    Науқанның өткізілуінің тоқтатылуы немесе Науқанның уақытынан бұрын аяқталуы Науқанның Ұйымдастырушысын немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін Операторды Науқанның өткізілуі тоқтатылғанға/Науқанның уақытынан бұрын аяқталғанына дейін Науқанға қатысуға өтінім берген Қатысушыларға Жүлделерді табыстау жауапкершілігінен босатпайды.
2.8.    Науқанның Ұйымдастырушысы Науқанға қатысуға өтінім берген Қатысушыларға қатысты Науқанның өткізілуін толық аяқтауға және барлық қажетті әрекеттерді орындауға міндетті, соның ішінде Науқанның Жүлделерін табыстау да бар.
2.9.    Тұлғаның Науқанға қатысуға өтінім беруі, атап айтқанда осы Ережелердің 3.1 және 4.2 тармақтарында қарастырылған конклюденттік әрекеттер ретін орындауы Науқанға қатысуға өтінім берген тұлғаның осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша таныстырылатын осы Ережелермен (Науқанның Ережелерімен) келісетіндігін білдіреді.
2.10.    Науқанның Қатысушысы Науқанның Ұйымдастырушысынан (Операторынан) Науқанның Ережелеріне сай Науқан туралы ақпарат беруді талап етуге құқылы.
2.11.    Науқанның Қатысушысы Науқанның Ұйымдастырушысынан Сыйлықтың заттай түрінің орнына Сыйлықтың ақшалай баламасын беруді талап етуге құқылы емес.
2.12.    Науқанды өткізу мақсатында Операторға Қатысушылар туралы ақпараттар қажет, соның ішінде Қатысушылардың осы Ережелерде бекітілген тізілімде көрсетілген дербес деректері де бар. Қатысушылар осы Ережелердің 3.1.2.2-тармақшаларында көрсетілген тәртіп бойынша нақты және өзекті (шынайы) мәліметтерді көрсетуге міндеттенеді. Қйымдастырушы және Оператор Қатысушыдан алынған ақпараттарды үшінші тұлғаларға жария ете алмайды, осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды санамағанда.
2.13.    Қатысушылар келісім білдірген жағдайда олармен Науқанға қатысу туралы жарнамалық сұхбат жүргізіліп, ол көпшіліктің назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар Қатысушылардың бейнелері суреттелетін кескіндік материалдар әзірлеу үшін Қатысушылардың еркін баруға болатын жерлерде немесе бұқаралық шараларда суретке түсірілуі ықтимал, мұндай материалдарды Ұйымдастырушы жарнамалық мақсатта Қатысушыларға қосымша төлем немесе қандай да бір сыйлықақы берместен, қосымша келісімінсіз пайдалануға құқылы. Ережелердің осы тармағына сай алынған Қатысушылардың бейнелері бар зияткерлік меншік объектісіне қатысты барлық авторлық құқықтар Ұйымдастырушыға ғана тиесілі. Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайлар мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары талап ететін жағдайлардан басқа кезде Қатысушымен жазбаша келіңссөздер жүргізбеуге немесе басқа да амалмен хабар алмаспауға құқылы.
2.14.    Науқанның осы Ережелерде көрсетілген жүлделерінің осындай Жүлделердің Ұйымдастырушы Қатысушыларды оның өткізілетіндігі туралы ақпараттандыру мақсатында пайдаланатын жарнамалық-ақпараттық материалдардағы кез-келген фотосуреттерінен немесе кескіндік бейнелерінен өзгеше болуы мүмкін. Жүлделердің үлгілері, жиынтықтары, түстері және басқа да параметрлері мен сипаттамалары Науқанның Ұйымдастырушысының таңдауы бойынша анықталады және Қатысушылардың пікірімен сай болмауы мүмкін.
2.15.    Науқанға қатыса отырып Қатысушы Науқанның Апта сайынғы Жүлделерінің ұтысы кездейсоқ таңдауға тәуелді ойын екендігін түсінеді, сәйкесінше, барлық Қатысушылардың Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі ұтысының Жеңімпазы бола бермейтіндігімен келіседі.
2.16.    Осы Ережелерге сай Науқанға қатысу айғағы Науқанның Қатысушысының осы Ережелермен келісетіндігін, сондай-ақ Науқанның Қатысушысының Науқанның Ұйымдастырушысының, Науқанның Операторының және Ұйымдастырушы/Оператор Науқанды өткізуге жұмылдырған өзге де серіктестерінің (әрі қарай – «өзге серіктестер») Қатысушының Науқанның мақсаттары үшін осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша ұсынған дербес ақпараттарының Науқанның Ұйымдастырушысының осы Ережелерде қарастырылған талаптарға сай кез-келген амалмен өңдейтіндігіне ерікті, нақты, ақпараттандырылған және саналы түрде берген келісімі болып табылады.
Науқанға қатысу туралы шешім қабылдай отырып, Қатысушы өзі ерікті түрде берген кез-келген ақпаратты, соның ішінде Қатысушының дербес мәліметтері да бар, сондай-ақ Қатысушы Науқанның Интернет-ресурсы және СМС жолдау арқылы берген өзге де материалдардағы мәліметтерді Ұйымдастырушының, оның құзырлы өкілдерінің (Операторлардың және басқа да серіктестердің) Ұйымдастырушының осы Ережелерде қарастырылған міндеттемелерін орындауы мақсатында және (немесе) жарнамалық агенттіктердің жарнамалық мақсатта Қатысушының қосымша келісімінсіз және қандай да бір сыйлықақының өтеуінсіз өңдейтіндігіне келісім береді. Науқанның Қатысушылары өздерінің Науқанға қатысу үшін көрсеткен дербес мәліметтерін Ұйымдастырушы (Операторлар және басқа да серіктестер) барлық қажетті амалмен Науқанды өткізу мақсаттары үшін өңдейтіндігін түсінеді және жоғарыда қарастырылғандай, осындай өңдеуге осы Ережелерді қабылдай отырып келісім береді.
Осы Ережелердің мақсаттарына орай дербес мәліметтер ретінде тікелей немемсе жанама түрде белгілі немесе белгілі болатын жеке тұлғаға (дербес мәліметтер субъектісіне) қатысты кез-келген ақпарат танылады.  

Дербес деректердің өңделуі  дегеніміз осы Ережелер бойынша дербес деректерге қатысты автоматтандыру құралдарының қолданылуы арқылы немесе мұндай құралдардың қолданылуынсыз жүзеге асырылатын кез-келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы, соның ішінде Науқанның Қатысушысы Науқанның өткізілу мақсаттарына байланысты беретін дербес деректерінің жиналуы, жазылуы, жүйеленуі, жиынтықталуы, сақталуы, нақтылануы (жаңартылуы, өзгертілуі),алынуы, пайдаланылуы, берілуі (таратылуы, ұсынылуы, жариялануы), тараптандырылуы, бұғатталуы, өшірілуі, жойылуы бар.

Дербес деректердің таратылуы дегеніміз осы Ережелер бойынша дербес деректердің белгісіз тұлғалар топтамасына ашылуына бағытталған әрекет, атап айтқанда: Науқанның Интернет-ресурсында, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінде Қатысушы Науқанның Интернет-ресурсы арқылы Науқан барысында берген Науқанның Қатысушысының аты-жөнінің, электрондық поштасының, телефон нөмірінің, жасының, олар тұратын қаланың немесе елді мекеннің, сонымен қатар осы Ережелерде және (немесе) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда Қатысушының Жүлдесінің ашық түрде жариялануы.
2.17.    Дербес деректердің өңделуін Науқан Ұйымдастырушысы, Науқан Операторы және Науқан ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша басқа да серіктестер ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының қағидаттары мен талаптарына сай жүзеге асырады.
Науқан Ұйымдастырушысына/Операторына Науқанның Қатысушысы болып табылмайтын тұлғалардың дербес деректерін беру барысында, мұндай мәліметтердің берілуі Науқанның мақсаттары үшін қажет деп танылатын жағдайларда, Қатысушылар тиісті үшінші тұлғалардың өкілдері Науқан Ұйымдастырушысы/Операторы үшін дербес деректер субъектілері болып танылады және осындай тұлғалардың Науқан Ұйымдастырушысының/Операторының дербес деректерін өңдеуіне келісім білдіргендігіне кепілдік береді. Қатысушылар өз беттерінше деребес деректердің құпиялылығына байланысты үшінші тұлғалар алдында жауапты болып табылады.
Науқанның Ұйымдастырушысы, Науқанның Операторы және Науқанның Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері дербес деректердің рұқсатсыз қолданылудан қорғалатындығына кепілдік береді.  Қатысушылардың Науқанға қатысу мақсатында беретін барлық дербес деректерін Науқанның Ұйымдастырушысы, Науқанның Операторы және Науқанның Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері ҚР қолданыстағы заңнамасына сай және осы Ережелерде қарастырылған кепілдіктер бойынша сақтайды және пайдаланады.
Науқанның Ұйымдастырушысы, Науқанның Операторы және Науқанның Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестер төмендегі талаптарды сақтауға міндеттенеді және Қатысушыға дербес деректердің өңделуіне қатысты төмендегі кепілдіктерді береді:
-    дербес деректердің ҚР дербес деректердің қорғалуы саласындағы заңнамасының талапатарына сай өңделуін қамтамасыз ету, соның ішінде «Деребес мәліметтер және олардың қорғалуы туралы» Заңда қарастырылған қағидаттардың, талаптардың, дербес деректер операторының міндеттерінің сақталуына кепілдік беру;
- Науқанның Қатысушыларының дербес деректерінің жиналуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және жүзеге асыру, соның ішінде «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы, сондай-ақ Науқанның Қатысушыларының дербес мәліметтерін жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, анықтауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды ҚР территориясындағы мәліметтер қорын пайдалана отырып жүзеге асыру. Науқанның Қатысушыларының дербес деректері бар деректер қоры Науқанның Ұйымдастырушысы, Науқанның Операторы және Науқанның Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері пайдаланатын серверлер Ресей Федерациясының территориясында орналастырылған.

Осы арқылы Науқанның Қатысушылары дербес деректерінің орналасқан жерінен хабардар деп саналады, олардың жиналуы мен өңделуінің Науқанның мақсаттарына орай жүзеге асырылатындығымен таныс болып табылады.
-    дербес мәліметтерді Науқанның мақсаттары үшін және оған қажетті көлемде, сонымен қатар жарнамалық мақсатта жинау және өңдеу. Дербес деректерді дербес мәлімет субъектілерін қандай да бір өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ басқа да кез-келген мақсатта пайдалану және басқа амалмен өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңда қарастырылған көлемде және жағдайда ғана жүзеге асырылады;
-    егер Науқанның Ұйымдастырушысы, Науқанның Операторы Науқанның Қатысушылары алдындағы өзінің міндеттерін орындау мақсатында Науқанның Қатысушыларының дербес деректерін үшінші тұлғаларға тапсыруға немесе басқа да амалмен ашуға міндетті болып табылса, аталған әрекеттерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның талаптарына сай жүзеге асыру;
-    Науқанға Қатысушылардың дербес деректерінің ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай өңделуі барысында қорғалуын және олардың құпия болып сақталуын қамтамасыз ету.
2.18.    Қатысушының осы Ережелерде көрсетілген дербес деректердің өңделуіне беретін келісімі Науқан өткізілетін мерзім бойы күшінде болады.
2.19.    Науқанға қатысу Ұйымдастырушының/Оператордың және басқа да серіктестерінің дербес ақпараттарын кез-келген тәсілмен өңдеуіне, осындай мәліметтерді Науқанның Ұйымдастырушысының/Операторының және басқа да серіктестерінің мақсаттарына орай таратылуына келісімдерін береді. Олар дербес мәліметтердің қүпиялылығын сақтауға және өңдеу барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті болады және авторландырылған мәліметтерді өңдеу құралдарын пайдаланып, дербес мәліметтерді заңсыз жарияланудан қорғауға кепілдік береді. Науқанның Қатысушыларының Науқанның мақсаттарына орай хабарлаған барлық дербес мәліметтерін Науқанды Ұйымдастырушы/Оператор немесе басқа да серіктестері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтайды және өңдейді.
2.20.    Науқанның Қатысушысы өзінің дербес деректерін өңдеуге берген келісімін Науқанның Операторына осы Ережелердің 1.2-тармағында көрсетілген мекен-жайға поштамен алынғандығы туралы мәлімдеме жасалатын тапсырысты хатпен хабарлама жолдау арқылы қайтып алуға құқылы.
2.21.    Қатысушының дербес деректерді өңдеуге берген келісімнен бас тартуы туралы мәлімдеме алғаннан кейін Оператор олардың өңделуін тоқтатуға және осындай өңдеуді Оператордың міндеттемесі/тапсырмасы бойынша басқа да серіктестің жүзеге асыруын тоқтатуын қамтамасыз етуге міндетті, егер дербес деректердің сақталуы Науқанның мақсаттары үшін қажет болмаса дербес деректерді (егер дербес деректердің өңделуі Науқан Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын болса) аталған мәлімдеме алынған күннен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім ішінде жоюға немесе жойылуын қамтамасыз етуге міндетті, Ұйымдастырушының дербес деректердің өңделуін дербес деректер субъектісінің келісімінсіз ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның немесе ҚР қолданыстағы өзге заңдарының талаптарына сай өңдеуге құқылы болып табылатын жағдайларды санамағанда.
3.    Науқанға қатысу үшін:
3.1.    Науқанның Қатысушысы болу үшін Науқанның өткізілу мерзімінде мынадай іс-әрекетті орындау қажет:
3.1.1.    Науқанның өткізілуін аңдатпалайтын Жарнамалық қаптамадағы Өнімнің кемінде 1 (бір) қаптамасын сатып алу;

3.1.2.    Сатылып алынған Өнімнің қаптамасындағы Кодты төмендегі амалдардың бірі арқылы тіркеу:

3.1.2.1.    Код жазылған мәтінді ұялы телефоннан «4268» қысқа нөміріне СМС арқылы жолдау (әрі қарай мәтін бойынша – «СМС»); немесе
3.1.2.2.    Код жазылған мәтінді Интернет-ресурста тіркеу, атап айтқанда, Науқанның  www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсының «Кодты тіркеу» бөліміне ену.
Кодты Интернет-ресурста тіркелу арқылы алғашқы тіркеу барысында Тіркеу нысанын толтыру арқылы Науқанның www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсында Қатысушының дербес деректерін өңдеуге келісімін беру рәсімдерінен өту қажет:
    Тіркелу нысанының терезесі: Қатысушының деректері
- Қатысушының аты-жөні;
- Қатысушының байланыс телефоны (қаланың кодымен немесе оператордың коды көрсетілген ұялы телефон нөмірін +7 ХХХ ХХХ-ХХ-ХХ үлгісінде енгізу) (осы Ережелерде қарастырылған жағдайда Қатысушымен кері байланысу үшін, сонымен қатар Қатысушының Науқанның Иентернет-ресурсында тіркелуі үшін логин ретінде пайдаланылады);
- Email: электрондық поштаның мекен-жайы (оған сілтеме жолданады, сілтеме арқылы өзінің электрондық мекен-жайын растау қажет болады);
- Қатысушы тұратын қала;
- Қатысушының жасы (толық жасының саны);
- Жеке кабинетке енетін құпия сөз.

3.1.3.    Осы Ережелердің мәтінімен танысу және Қатысушы берген дербес деректердің өңделуіне, сонымен қатар олардың Науқанның мақсатына пайдаланылуына келісім беру. Науқанның Интернет-ресурсында тіркелу барысында берілген дербес деректердің өңделуіне келісім бергеннен кейін, сонымен қатар Науқанға Қатысушының он сегіз жасқа толғандығы расталғаннан кейін келісім ретінде төмендегі жазбалардың қарама-қарсы тұсында «құсбелгі» таңбасын қою, бұл қайсысының қолданылатындығына байланысты «келісемін» немесе «иә» деген жауапты білдіреді:
    Мен Науқанның Ережелерімен келісемін;
    Мен дербес деректерімнің өңделуіне келісім білдіремін;
    Менің жасым толық 18 (он сегізден) асты;

3.1.4.    Қатысушының дұрыс емес (қате) және (немесе) нақты емес (шынайы емес) мәліметтерді Науқан Интернет-ресурсында тіркеу барысында Науқанға осы Ережелердің 3.1.2.2 - тармақшасында көрсетілген тәртіппен қатысуы үшін көрсетуі, осы Ережелердің 6.1.5., 6.2.2. - тармақшаларына сәйкес дұрыс емес (қате) және (немесе) нақты емес (шынайы емес) деректерді беруі Науқан Ұйымдастырушысын Сыйлықты табыстау міндетінен босатады және автоматты түрде осындай Қатысушының Науқанға қатыстырылмауына соқтырады.

3.2.     Кодты тіркеу әдістері:
3.2.1.    Науқанның www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсындағы «Кодты тіркеу» бөлімінде Өнімнің Жарнамалық қаптамасынан сегіз орынды Кодты енгізу және «Жолдау» батырмасын сәйкестендіру үшін Қатысушының тіркелуі барысында көрсетілген ұялы телефон нөмірін пайдалану арқылы басу;
3.2.2.    Төмендегі Кодтар қате деп танылады, есепке алынбайды және тіркелмейді:
•    Ойдан құрастырылған;
•    Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен бұрын (2017 жылдың «01» қазанының 00:01 сағатынан бұрын) тіркелген;
•    Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен кейін (2017 жылдың «25» қарашасының 3:59 сағатынан кейін) тіркелген.
3.2.3.    Қатысушылар тіркейтін Кодтардың төмендегі талаптарға сай болуы керек:
•    Тіркеу барысында Код араб сандары мен латын әріптерінің үйлесімі ретінде енгізіледі, ол Өнімнің Жарнамалық қаптамасының ішкі жағында көрсетіледі. Мысалы: SE4ZZBX3
3.2.4.    Кодтар Интернет-ресурста тіркеу барысында қарастырылмайды, егер:
•    Кодтарды тіркеу жолағында бір Кодтан артық Код болса;
•    Кодты Ұйымдастырушы сәйкестендіре алмаса (барлық Кодтардың тізімі деректер қорында Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында сақталады);
•    Код Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен бұрын (2017 жылдың «01» қазанының 00:01 сағатынан бұрын) тіркелген болса;
•    Код Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен кейін (2017 жылдың «25» қарашасының 3:59 сағатынан кейін) тіркелген болса.
3.2.5.    Науқанның Қатысушылары жолдайтын СМС-тердің келесі талаптарға сай болуы керек:
•    СМС-хабарламаны «4268» нөміріне жолдау барысында Код СМС-те араб сандары мен латын әріптерінің үйлесімі ретінде енгізіледі, ол Өнімнің Жарнамалық қаптамасының ішкі жағында көрсетіледі. Мысалы: SE4ZZBX3
3.2.6.    Кодтар СМС арқылы жолдау барысында қарастырылмайды, егер:
•    СМС мәтінінде бір Кодтан артық Код болса.
•    СМС мәтінінде Код болмаса;
•    СМС мәтінінде бұрын жолданған Код көрсетілсе;
•    СМС мәтініндегі Кодты Ұйымдастырушы сәйкестендіре алмаса (барлық Кодтардың тізімі деректер қорында Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында сақталады);
•    СМС Ұйымдастырушыға Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен бұрын (2017 жылдың «01» қазанының 00:01 сағатынан бұрын) келген болса;
•    СМС Ұйымдастырушыға Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен кейін (2017 жылдың «25» қарашасының 3:59 сағатынан кейін) келген болса.
3.2.7.    Егер Науқанның Қатысушысы СМС-ті Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен бұрын немесе кейін жолдаған болса (сол ұялы телефон тіркелген ұялы байланыс операторы беретін шоттың жіктемесінде көрсетілетін ақпараттар бойынша), Қатысушы Науқанға қатыса алмайды.
3.2.8.    Барлық СМС Ұйымдастырушының Интернет-ресурсының серверіндегі Науқанның Қатысушылары туралы мәліметтер бар деректер қорында сақталады, онда СМС өңделеді. Барлық СМС деректер қорына жөнелту апта сайын, 24 сағат бойы Науқанған қатысуға Өтінімдер қабылдау кезеңінде жүзеге асырылады.
3.2.9.    Барлық жолданған Кодтар Ұйымдастырушының Интернет-ресурсының серверіндегі Науқанның Қатысушылары туралы мәліметтер бар деректер қорында сақталады, онда жолданған Кодтар өңделеді.
3.2.10.    Қатысушы Интернет-ресурста тіркеген немесе СМС арқылы жолдаған Коды бар Өнімнің Жарнамалық қаптамасын осы Ережелердің талаптарына сәйкес Науқанның өткізілу мерзімі бойы сақтап қалу керек. Қатысушы Науқанның Жеңімпазы болып анықталған жағдайда Ұйымдастырушы осындай Қатысушыдан ұтысты Коды бар Қаптаманы талап етуге құқылы.

4.    Науқанның Жеңімпаздарын анықтау тәртібі.

4.1.    Науқанның Жеңімпаздары төмендегі тәртіп бойынша анықталады:
4.1.1.    Апта сайын, 2017 жылдың «08» қазанынан бастап 2017 жылдың «26» қарашасына дейін сағат 12:00 Апта сайынғы Жүлделер ұтысы Жеңімпаздың Кодын кездейсоқ амалмен Науқанның өткізілу мерзімі бойы тіркелген барлық Код арасынан Науқанның Интернет-ресурсының басқару сервисінің көмегімен анықтау арқылы өткізіледі. Барлығы Науқанды өткізудің жалпы мерзімі бойы Апта сайынғы Жүлделердің 8 (сегіз) ұтысы өткізіледі.

Ұтыс төмендегі тәртіп бойынша өткізіледі:
РНР тілінде әзірленген, тек қана Науқанның Интернет-ресурсында жұмыс жасайтын Науқанның Интернет-ресурсының арнайы басқару сервисі Науқанның Қатысушылары Науқанның Интернет-ресурсындағы жеке кабинет арқылы және 4268 нөміріне СМС жолдау арқылы бекітілген кезеңде (уақыт, күн) ішінде тіркеген барлық Кодтарды Деректер қорынан алып, Кодты кездейсоқ таңдау амалымен 1 (бір) пайдаланушыны тіркелу барысында Науқанның Иентернет-ресурсында берілетін сәйкестендіру нөмірі бойынша анықтайды.
4.1.2.    Апта сайынғы ұтысқа Науқанның өткізілуінің барлық мерзімі бойында тіркеген Қатысушылардың барлық кодтары қатысады.
4.1.3.    Науқанның Жеңімпазымен байланыс қалыптастыру үшін және ұтысқа ие болған Коды бар Өнімнің Жарнамалық қаптамасын алу үшін тиісті ұтыс өткізілген күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнге тең уақыт беріледі. Егер аталған уақыт ішінде Науқанның Жеңімпазымен байланыс орнату мүмкін болмаса және/немесе Науқанның Жеңімпазы Науқанның Операторына Апта сайынғы Жүлде ұтысында жеңімпаз болған Коды бар Жарнамалық қаптама берілмеген болса, Науқанның Қатысушысы Науқанның Жеңімпазы мәртебесінен айырылады. Мұндай жағдайда Науқанның Операторы ұтысты қайта өткізеді. Қайталама ұтыс бастапқы ұтысты өткізу барысында Жеңімпаз анықталған уақыт ішінде тіркелген Кодтар арасында жоғарыда сипатталған амалмен өткізіледі.
4.1.4.    Науқанның Апта сайынғы Жүлделер ұтысын қайталап 4 (төрт) рет өткізуге болады. Егер 5 (бес) ұтыстың нәтижесі бойынша осы Ережелердің талаптарына сай келетін Науқан Жеңімпазы анықталмаған болса, Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі талап етілмеген болып саналады және Науқанның Ұйымдастырушысының иелігінде қалады, оны соңғысы өз бетінше пайдалануға құқылы.
4.2.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесінің Науқанды танымалдандыру мақсатында қолданылатын жарнамалық-ақпараттық материалдарда көрсетілетін фотосуреттердегіден өзгеше болуы ықтимал.
4.3.    Науқанның Апта сайынғы Жүлделерінің ұтысы қорытынды болып табылады және нәтижелері қайта қарастырылмайды, осындай нәтижелерді жариялағаннан кейін Ұйымдастырушы (Оператор) Науқан барысында Науқанның Жүлдегері болып танылған тұлғалардың қатысу талаптары мен ережелерін бұзғандығын анықтаған жағдайды санамағанда. Ұйымдастырушы (Оператором) Жеңімпаздың Науқанға қатысу талаптары мен тәртіптерін анықтаған болса, Ұйымдастырушы тиісті Қатысушыға Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін беруден бас тартуға және Жеңімпаз ретінде ұтысты қайтадан өткізу нәтижесінде анықталған тұлғаны жариялауға құқылы.

5.    Науқанның Жүлделері:
5.1.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі:
5.1.1.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі – балалар тауарларының www.marwin.kz интернет-гипермаркетінде 50 000 (елу мың) теңгеге сауда жасау құқығын беретін белсенділендіру коды бар сертификат (Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 2018 жылдың «30» шілдесіне дейін) (әрі қарай және алдында - «Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі»).
5.1.2.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесінің саны: 8 (сегіз) дана.
Дизайны:
 
6.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін беру шарттары, тәртібі және орны.
6.1.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін беру тәртібі.
6.1.1.    Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін беру үшін Науқанның Операторы Науқанның Жеңімпазына ол Науқанның Интернет-ресурсында тіркелу барысында көрсеткен телефон нөмірі бойынша немесе СМС жолданған нөмір бойынша хабарласады.
6.1.2.    Науқанның Жеңімпазына хабарласа алған жағдайда Науқанның Операторы Науқанның Жеңімпазының осы Ережелердің талаптарын сақтағандығын тексереді, соның ішінде мыналар бар, бірақ олармен шектелмейді: Науқанның Қатысушысының азаматтығы, жасы, ұтыс барысында таңдалған Коды бар Жарнамалық қаптама.
6.1.3.    Науқанның Операторының өкілеттеген тұлғасына ұтысты Коды бар Жарнамалық қаптаманың түпнұсқасының берілу айғағы Науқанның Жеңімпазына Науқанның Апта сайынғы Жүлдесіне Сертификаттың берілуімен және Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін тапсыру-қабылдау Актісіне қол қоюмен расталады.
6.1.4.    Балалар тауарының www.marwin.kz интернет-ресурсында сауда жасау құқығын беретін Сертификатты іске асыру механизмі:
•    Осы Сертификаттың иесі балалар тауарының www.marwin.kz интернет-гипермаркетінде 50 000 теңгеге сауда жасай алады.
•    Тауар сомаларының кемінде 50 000 теңгені құрауы тиіс.
•    Жеткізу ақысы жеке, Науқан Операторының қаражаты есебінен өтеледі.
•    Егер тапсырыс сомасы 50 000 теңгеден артық болса, Науқанның Жеңімпазы тапсырыстың артық сомасын өзін өтейді.

Осы Сертификат бойынша сауда жасау үшін:
А) Интернет-ресурста www.marwin.kz доменін қарау және онда тіркелу,
Б) тауарларды таңдалған артикул жанындағы "сатып алу" батырмасын басу арқылы таңдай отырып тапсырыс жасау және "Себетке" жинау,
В) "Себет" парақшасындағы «Сізде промо-код бар ма?» сұрағы бар арнайы жолаққа Сертификаттағы кодты енгізу,
Г) "Себет" парақшасында "тапсырысты ресімдеу" батырмасын басу, "жеткізу туралы ақпарат" жолағында тиісті ақпаратты толтыру, жеткізу амалын - "курьер арқылы қолға жеткізу" және есеп айырысу тәсілін - "ақшасыз есеп айырысу" таңдау керек.
Д) Тапсырыс өңдеуге түседі, Жеңімпазға Оператор тапсырысты растау үшін хабарласады. Тапсырыстың көшірмесі бар хат Жеңімпаздың тапсырысты ресімдеу барысында көрсететін электронды мекен-жайына жолданады.
Е) Тапсырысты курьер Жеңімпаз көрсеткен мекен-жайға (5 жұмыс күні ішінде) жеткізеді.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 2018 жылдың «30» шілдесіне дейін.
6.1.5.    Егер Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін жеткізу кезінде Науқанның Жеңімпазы ұтысты Коды бар Жарнамалық қаптаманы тапсырмайтын болса, Жеңімпаз қаптаманың жоқтығы туралы Актіге қол қояды. Мұндай жағдайда ол Науқанның Жеңімпазы мәртбесін жоғалтады және Науқанның Операторы Науқанның Апта сайынғы Жүлдесінің ұтысын аталған айғақ анықталған уақыттан бастап 1 (бір) күн ішінде қайтадан өткізеді.
6.1.6.    Науқанның Жеңімпазы Науқанның Операторына төмендегі жеке мәліметтерді/дербес деректерді /құжаттарды беруге міндеттенеді:
- Жеңімпаздың аты-жөні;
- пошталық индексімен бірге тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
- Жеңімпаздың тұлғасын растаушы құжаттың көшірмесі (түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні, берген органның атауы);
- осы Ережелерге және ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін алуға қажетті басқа да ақпарат/құжат.
Осы Ережелердің 6.1.6-тармағында аталған мәліметтер мен құжаттарды бермеу немесе оларды беруден бас тарту, дербес деректерді өңдеуге келісім беруден бас тарту сияқты, Науқанның Жүлдесін алу үшін қажетті ақпараттарды толық көрсетпеу/ жалған ақпараттарды көрсету және/немесе басқа да ақпараттарды бермеу немесе оларды уақытында бермеу Жеңімпаздың Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін алудан бас тартуы болып саналады.

6.2.    Ұтыс өткізілгеннен кейін Жеңімпазға хабарласу мынадай амалмен жүзеге асырылады: тиісті ұтыс өткізілген күні Науқанның Операторы Науқанның әрбір Жеңімпазына 3 (үш) рет қоңырау шалып, 1 (бір) минут күтеді, осындай қоңырауларды шалу аралығы 30 (отыз) минут.
Хабарласу мүмкін болмаған жағдайда Науқанның Операторы Науқанның Жеңімпазынан кері байланысты тиісті ұтыс өткізілген күннен кейінгі күннің сағат 10:00 дейін күтеді.
Аталған уақыт ішінде Науқанның Жеңімпазымен байланыс қалыптастырылған жағдайда Науқанның Операторы оған осы Ережелердің 6.1-тармағына сәйкес Жүлдені алу бойынша нұсқаулық береді.

6.2.1.    Науқанның Жүлделерін Науқанның Жеңімпазына тиісті Қатысушы осы Ережелердің 6.1.6-тармағында аталған мәліметтер мен құжаттарды берген күннен бастап 2017 жылдың «10» желтоқсанына дейін Науқанның Операторы немесе жеткізу қызметінің курьері Оператор осы Ережелердің 6.1.6-тармағында бекітілген тәртіп бойынша алған мекен-жайға жеткізеді немесе Оператордың кеңсесінде беріледі.
6.2.2.    Егер Жеңімпаз Науқанның Ережелерінде қарастырылған Науқанның Апта сайынғы Жүлдесін алуға қажетті мәліметтерді және/немесе құжаттарды Науқанның Операторы Жеңімпазға телефон арқылы мәлімдеме жасаған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде бермеген болса, онда мұндай әрекет Жеңімпаздың Науқанға қатысудан және/немесе тиісті Жүлдені алудан бас тартуы деп танылып, сол күні ұтыс қайта өткізіледі.
6.2.3.    Науқанның Қатысушысы осы Ережелерде қарастырылған талаптарды бұзу салдарынан Ұйымдастырушы және/немесе Оператор шығын шегетін болса, Науқанның Қатысушысы осындай шығынды толық көлемде қайтаруға міндетті.

6.3.    Ұйымдастырушы Қатысушының шеккен шығындарын (бұдан өзге де жағдайларды) қоса алғанда, Қатысушының қате болып танылған әрекетінің/әрекетсіздігінің қандай да бір салдары үшін жауапты емес.
6.4.    Ұйымдастырушы, сондай-ақ Ұйымдастырушының Науқанды ұйымдастыруға және өткізуге құзырлы тұлғалары байланыс операторы желісінің немесе Науқан Қатысушысының компьютері жалғанған Интернет-провайдерінің желісінде болуы ықтимал техникалық кемшіліктер үшін жауапты емес.
6.5.    Ұйымдастырушы (Оператор) Жеңімпаздан (с.і. пошта, байланыстың электронды арналары арқылы) Науқанның Иентернет-ресурсында осы Ережелерде бекітілген тәртіп бойынша тіркелген Коды бар Өнімнің қаптамасының түпнұсқасын немесе фотосуреттерінің көшірмесін беруді талап етуге құқылы. Жеңімпаздың аталған қаптамаларды беруден бас тартуын Ұйымдастырушы оның Науқанға және Науқанның Апта сайынғы Жүлделерінің ұтысына қатысудан бас тарту деп танитын болады.
6.6.    Ұйымдастырушы талап етілмеген Жүлделерді өз бетінше пайдалануға құқылы.

7.    Салық туралы мәліметтер:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сай, атап айтқанда, «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 160-бабының 4-тармағына сай, төлем көзінде салық салынатын табыс Жүлделер болып табылады. Табыстың осы түрі (ұтыс) бойынша ЖТС есептеу мен шегеруді салық агенті – Науқанның Операторы – Науқанның Жеңімпазына қатысты жүзеге асырады.
Науқанның Апта сайынғы Жүлдесі түріндегі табысты алатын Қатысушыларға салық агенті Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына сай салық (жеке табыс салығын) төлейді.
8.    Науқанның Қатысушылары оның шарттары мен өткізілу мерзімдері туралы ақпараттарды Науқанның өткізілуі туралы Ереженің толы нұсқасын дүниежүізілік Интернет желісіндегі www.kinderchocolate.kz (доменінен) алады.
9.    Науқан туралы қысқаша мәліметтерді:
10.1.    Науқанға қатысатын Өнімнің Жарнамалық қаптамасында көрсетілген ақпараттардан;
10.2.    Жедел желі телефоны бойынша 8 800 070 88 77 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) білуге болады.

11.    Науқанды өткізу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда бұл туралы ақпаратты Оператор Науқанның www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсында орналастырады.

12.    Науқанның Ережелері өзгерген, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған немесе өткізілмейтін жағдайда Оператор бұл туралы Қатысушыларға хабарландыруды Науқанның Интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.

«Киндер Шоколадтың Жаңа жұлдызы» жарнамалық Байқауын өткізу Ережелері
(әрі қарай - «Байқаудың Ережелері»)

1.    «Киндер Шоколадтың Жаңа жұлдызы» жарнамалық Байқауы (әрі қарай– «Байқау») туралы жалпы мәліметтер:
1.1.    Байқаудың өткізілу территориясы: Қазақстан Республикасы (әрі қарай- ҚР).
1.2.    Байқаудың Ұйымдастырушысы және Операторы:
Байқаудың Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сай құрылған заңды тұлға болып табылады, атап айтқанда,
«Ферреро Қазақстан» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі

1.3.    Байқау төменде мазмұндалып отырған Ережелерге сай қатысушылар алдын ала жіктелмейтін және іріктелмейтін, ашық бұқаралық ынталандырушы жарнамалық шара ретінде өткізіледі. Байқауға қатысу үшін төлем алынбайды. Байқау Ұйымдастырушы саудалайтын тауарды жарнамалау, оны таратуды ынталандыру, нарықта танымалдандыру және оған тұтынушылардың назарын аударту мақсатында өткізіледі, атап айтқанда:
- таза салмағы 50 гр. және 100 гр. сүттік салындысы бар сүттік «Kinder Chocolate» (әрі қарай – «Киндер Шоколад»),
- таза салмағы 84 гр. сүттік салындысы бар сүттік «Kinder Chocolate Maxi» (әрі қарай – «Киндер Шоколад Макси»),
- таза салмағы 94 гр. сүттік-дәндік салындысы бар сүттік «Kinder Chocolate with cereals» (әрі қарай – «Киндер Шоколад дақылдармен.»), (әрі қарай бірге - «Киндер Өнімі»).
Байқауға арнайы қаптамадағы таза салмағы 50 гр. және 100 гр. Киндер Шоколад Өнімдерінің, сондай-ақ таза салмағы 84 гр. және 94 гр. арнайы жабыстырылған промо-стикері бар Киндер Шоколад Макси Өнімдерінің тұтынушылары қатысады, аталған Өнімдерге Байқау басталғанға дейін Ұйымдастырушы (немесе оның өкілетті тұлғасы) Байқауға қатысу үшін қажетті арнайы код (әрі қарай - «Код») жазылады (әрі қарай – арнайы Жарнамалық қаптама және арнайы промо-стикері бар қаптама «Жарнамалық қаптама» деп аталады).
Беткі жағы                                                            Артқы жағы

Промо-стикердің суреті

Код Өнімнің қаптамасының ішкі жағында көрсетілген, араб сандары мен латын әріптерінің сегіз орынды үйлесімін білдіреді. Өнімнің Жарнамалық қаптамаларындағы Кодтар қайталанбайды. Бір Кодты Байқауға қатысу мақсатында тек 1 (бір) рет қана пайдалануға болады.
Арнайы Жарнамалық қаптамадағы немесе Код жазылған промо-стикері бар Өнімінің бағасы (осы Ережелерде анықталғандай) Байқауды өткізу кезеңінде осындай өнімдердің Байқау мерзімінен тыс кездегі бағасынан аспайды. Осылайша, арнайы Жарнамалық қаптамадағы немесе Код жазылған промо-стикері бар Өнімді сатып ала отырып Қатысушы Байқаудың өткізілуіне қатысты ешқандай қосымша ақы төлемейді.

1.4.    Байқаудың өткізілетін орны:

1.4.1.    Байқауды Ұйымдастырушы дүниежүізілік Интернет желісінде www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсында өткізеді (әрі қарай - «Сайт»).
1.4.2.    Байқау өткізудің қосымша құралы Байқауды орындауға арналған, осы Ережелерде бекітілген (сонымен қатар дүниежүзілік Интернет желісінде www.kinderchocolate.kz сайтында жарнамалық алаңға бармастан орындауға болады), ҚР қалаларындағы – Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Байқау өткізу үшін арнайы жарнамалық жабдықтармен жасақталған жарнамалық алаңдар болып табылады (әрі қарай – «Алаңдар»).
Список торговых центровАлаңдар ұйымдастырылатын сауда орындарының тізімі мен Алаңдардың жұмыс тәртібі (Байқаудың Интернет-ресурсында да көрсетілген):

Алаңдар орналастырылатын жер

СОО Алаңның орны

Алаңның жұмыс уақыты

«MEGA Alma-Ata» СОО, Алматы қ., Розыбакиев көш., 247 А.

2-қабат, №В26 бутикке қарама-қарсы

Сағат 12:00 бастап 21:00 сағатқа дейін

(жергілікті уақыт)

21.10.2017 ж., 22.10.2017 ж.,

28.10.2017 ж., 29.10.2017 ж.,

04.11.2017 ж., 05.11.2017 ж.,

11.11.2017 ж., 12.11.2017 ж.

«Керуен» СОО, Астана қ., Достық көш., 9

3-қабат, тамақтану аумағы

«MEGA Aktobe» СОО, Ақтөбе қ., Маметова көш., 4

2-қабат, кіші атриум

«Shymkent Plaza» СОО, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 3/1

1-қабат, орталық кіреберіс қасында


1.5.    Байқаудың жалпы мерзімдері (Байқаудың Жүлдесін жеткізу мерзімдерін қоса алғанда): 2017 жылдың «01» қазанынан бастап 2018 жылдың «31» қаңтарына дейін (осы жерде және әрі қарай екі күнді қоса алғанда).
1.5.1.    Байқауға арналған жұмыстарды тапсыру (Байқауға қатысатын фотосуреттерді Интернет-ресурста орналастыру) және Байқаудың тапсырмаларын орындау мерзімі, атап айтқанда, осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша Байқауға арналған жұмыстар үшін Интернет желісінің пайдаланушыларының дауыстары мен ұпайлар жинау –  2017 жылдың «01» қазанынан бастап 2017 жылдың «30» қарашасына дейін (екі күнді қоса алғанда).
1.5.2.    Байқаудың Жүлдесін алуға құқылы тұлғаларды анықтау мерзімі, атап айтқанда: Байқау Жүлдегерлерін осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша анықтау – 2017 жылдың «01» желтоқсаны.
1.5.3.    Байқаудың Жүлдесін алуға құқылы тұлғаларды жариялау мерзімі, атап айтқанда: Байқаудың Жүлдегерлерін осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша жариялау: 2017 жылдың «01» желтоқсанынан бастап 2017 жылдың «10» желтоқсанына дейін.
1.5.4.    Байқаудың Жүлделерін осы Ережелерде бекітілген тәртіп бойынйша анықталған иелеріне беру мерзімі –  2017 жылдың «15» желтоқсанынан бастап 2018 жылдың «31» қаңтарына дейін.
1.5.5.    Байқаудың Жүлдесін Алаңда беру мерзімі: 2017 жылдың «21» қазанында, 2017 жылдың «22» қазанында, 2017 жылдың «28» қазанында, 2017 жылдың «29» қазанында, 2017 жылдың «04» қарашасында, 2017 жылдың «05» қарашасында, 2017 жылдың «11» қарашасында, 2017 жылдың «12» ноября 2017гқарашасында сағат 12:00 бастап сағат 21:00 дейін. (бұл жерде жергілікті уақыт);

1.6.     Байқауды өткізудің осы Ережелерінде (әрі қарай – «Ережелер») араларында Байқау өткізілетін тұлғалар топтамасы, Байқаудың өткізілу механикасы, Байқау тапсырмаларының мәнісі, Байқауға қатысатын фотосуреттерді (Байқауға арналған жұмыстарды) тапсыру реті мен бағалау критерийлері, оларды тапсыру орны, мерзімі мен тәртібі, Байқау нәтижелерін жариялау реті мен мерзімі, Байқаудың көлемі мен түрі, Байқаудың Жүлдесі мен Алаңда Байқауға қатысу үшін берілетін Сыйлық, оларды беру/тапсыру орны мен тәртібі тәртібі бекітілген.

2.    Байқаудың Қатысушылары:
2.1.    Байқауға жасы 18 (он сегізге) толған, ҚР территориясында тұратын, дүниежүзілік Интернет желісінің пайдаланушысы және осы Ережелердің 1.3-тармағында көрсетілген Өнімнің тұтынушысы болып табылатын, нәтижесі Байқаудың Интернет-ресурсында Байқауға арналған жұмысты жүктеу болып табылатын осы Ережелердің 4.2-тармағында қарастырылған конклюденттік әрекеттер ретін жүзеге асырған, сонымен қатар суреті БАйқауға арналған жұмыста бейнеленген жасы 3 (үш) пен 7 (жеті) аралығындағы баланың ата-анасы немесе заңды өкілі болып табылатын, Кодты Байқаудың Интернет-ресурсында тіркеген әрекетке қабілетті жеке тұлғалар - ҚР азаматтары  (жоғарыда және осы Ережелердің мәтіні бойынша әрі қарай «Байқаудың қатысушылары» немесе «Қатысушылар» деп аталады) қатыса алады.
2.2.    Байқауға Ұйымдастырушының, Оператордың және олардың аффилирленген тұлғаларының қызметкерлері мен құзырлы өкілдері, сонымен қатар осындай қызметкерлер мен құзырлы өкілдердің отбасы мүшелері, сол сияқты Байқаудың ұйымдастырылуына және/немесе өткізілуіне қатысты тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды.
2.3.    Қатысушылар Байқау төңірегінде тіркей алатын Кодтар саны шектелмеген.
2.4.    Ұйымдастырушы Қатысушының жасы мен тұлғасын, азаматтығын растау үшін жеке басты куәландыратын құжатты талап етуге құқылы, сонымен қатар қажет болған жағдайда Қатысушыда Байқауға қатысу мақсатында баланың немесе басқа тұлғалардың (егер болса) суретін/жұмыстарын пайдалануға қажетті құқықтардың/рұқсаттардың бар екендігін растайтын құжаттарды талап ете алады.
2.5.    Байқау тоқтатылатын/ Байқаудың уақытынан бұрын аяқталатын жағдайларында Байқаудың Ұйымдастырушысы Байқаудың Интернет-ресурсында www.kinderchocolate.kz  және/немесе Ұйымдастырушының таңдауы бойынша оңтайлы амалмен Байқаудың тоқтатылатындығы/Байқаудың уақытынан бұрын аяқталатындығы туралы хабарлама жариялауға немесе осындай тоқтату/аяқтау туралы басқа амалмен мәлімдеме жасауға міндетті.
2.6.    Байқаудың Операторы Байқауды өткізу мерзімі ішінде немесе Байқаудың өткізілуінің тоқтатылатындығы/Байқаудың уақытынан бұрын аяқталатындығы туралы хабарлама жарияланғанға дейінғ болмаса осындай тоқтату/аяқтау туралы басқа амалмен мәлімдеме жасалғанға дейін Байқауға қатысуға өтінім берген Қатысушылар арасынан Жүлделер ұтысы иелері ретінде анықталған тұлғаларға Жүлделерді табыстауға міндетті.
2.7.    Байқаудың өткізілуінің тоқтатылуы немесе Байқаудың уақытынан бұрын аяқталуы Байқаудың Ұйымдастырушысын немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін Операторды Байқаудың өткізілуі тоқтатылғанға/Байқаудың уақытынан бұрын аяқталғанына дейін Байқауға қатысуға өтінім берген Қатысушыларға Жүлделерді табыстау жауапкершілігінен босатпайды.
2.8.    Байқаудың Ұйымдастырушысы Байқауға қатысуға өтінім берген Қатысушыларға қатысты Байқаудың өткізілуін толық аяқтауға және барлық қажетті әрекеттерді орындауға міндетті, соның ішінде Байқаудың Жүлделерін табыстау да бар.
2.9.    Тұлғаның Байқауға қатысуға өтінім беруі, атап айтқанда осы Ережелердің 3.1 және 4.2 тармақтарында қарастырылған конклюденттік әрекеттер ретін орындауы Байқауға қатысуға өтінім берген тұлғаның осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша таныстырылатын осы Ережелермен (Байқаудың Ережелерімен) келісетіндігін білдіреді.
2.10.    Байқаудың Қатысушысы Байқаудың Ұйымдастырушысынан (Операторынан) Байқаудың Ережелеріне сай Байқау туралы ақпарат беруді талап етуге құқылы.
2.11.    Байқаудың Қатысушысы Байқаудың Ұйымдастырушысынан Жүлденің заттай түрінің орнына Жүлденің ақшалай баламасын беруді талап етуге құқылы емес.
2.12.    Байқауды өткізу мақсатында Операторға Қатысушылар туралы ақпараттар қажет, соның ішінде Қатысушылардың осы Ережелерде бекітілген тізілімде көрсетілген дербес деректері де бар. Қатысушылар осы Ережелердің 3.1.2.1-тармақшаларында көрсетілген тәртіп бойынша нақты және өзекті (шынайы) мәліметтерді көрсетуге міндеттенеді. Қйымдастырушы және Оператор Қатысушыдан алынған ақпараттарды үшінші тұлғаларға жария ете алмайды, осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды санамағанда.
2.13.    Қатысушылар келісім білдірген жағдайда олармен Байқауға қатысу туралы жарнамалық сұхбат жүргізіліп, ол көпшіліктің назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар Қатысушылардың бейнелері суреттелетін кескіндік материалдар әзірлеу үшін Қатысушылардың еркін баруға болатын жерлерде немесе бұқаралық шараларда суретке түсірілуі ықтимал, мұндай материалдарды Ұйымдастырушы жарнамалық мақсатта Қатысушыларға қосымша төлем немесе қандай да бір сыйлықақы берместен, қосымша келісімінсіз пайдалануға құқылы. Ережелердің осы тармағына сай алынған Қатысушылардың бейнелері бар зияткерлік меншік объектісіне қатысты барлық авторлық құқықтар Ұйымдастырушыға ғана тиесілі. Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайлар мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары талап ететін жағдайлардан басқа кезде Қатысушымен жазбаша келіңссөздер жүргізбеуге немесе басқа да амалмен хабар алмаспауға құқылы.
2.14.    Байқаудың осы Ережелерде көрсетілген жүлделерінің осындай Жүлделердің Ұйымдастырушы Қатысушыларды оның өткізілетіндігі туралы ақпараттандыру мақсатында пайдаланатын жарнамалық-ақпараттық материалдардағы кез-келген фотосуреттерінен немесе кескіндік бейнелерінен өзгеше болуы мүмкін. Жүлделердің үлгілері, жиынтықтары, түстері және басқа да параметрлері мен сипаттамалары Байқаудың Ұйымдастырушысының таңдауы бойынша анықталады және Қатысушылардың пікірімен сай болмауы мүмкін.
2.15.    Байқауға қатыса отырып Қатысушы Байқаудың Жүлделерінің ұтысы кездейсоқ таңдауға тәуелді ойын екендігін түсінеді, сәйкесінше, барлық Қатысушылардың Байқаудың Жүлдесі ұтысының Жүлдегері бола бермейтіндігімен келіседі.
2.16.    Осы Ережелерге сай Байқауға қатысу айғағы Байқаудың Қатысушысының осы Ережелермен келісетіндігін, сондай-ақ Байқаудың Қатысушысының Байқаудың Ұйымдастырушысының, Байқаудың Операторының және Ұйымдастырушы/Оператор Байқауды өткізуге жұмылдырған өзге де серіктестерінің (әрі қарай – «өзге серіктестер») Қатысушының Байқаудың мақсаттары үшін осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша ұсынған дербес ақпараттарының Байқаудың Ұйымдастырушысының осы Ережелерде қарастырылған талаптарға сай кез-келген амалмен өңдейтіндігіне ерікті, нақты, ақпараттандырылған және саналы түрде берген келісімі болып табылады.  
Байқауға қатысу туралы шешім қабылдай отырып, Қатысушы өзі ерікті түрде берген кез-келген ақпаратты, соның ішінде Қатысушының дербес мәліметтері да бар, сондай-ақ Қатысушы Байқаудың Интернет-ресурсы және СМС жолдау арқылы берген өзге де материалдардағы мәліметтерді Ұйымдастырушының, оның құзырлы өкілдерінің (Операторлардың және басқа да серіктестердің) Ұйымдастырушының осы Ережелерде қарастырылған міндеттемелерін орындауы мақсатында және (немесе) жарнамалық агенттіктердің жарнамалық мақсатта Қатысушының қосымша келісімінсіз және қандай да бір сыйлықақының өтеуінсіз өңдейтіндігіне келісім береді. Байқаудың Қатысушылары өздерінің Байқауға қатысу үшін көрсеткен дербес мәліметтерін Ұйымдастырушы (Операторлар және басқа да серіктестер) барлық қажетті амалмен Байқауды өткізу мақсаттары үшін өңдейтіндігін түсінеді және жоғарыда қарастырылғандай, осындай өңдеуге осы Ережелерді қабылдай отырып келісім береді.
Осы Ережелердің мақсаттарына орай дербес мәліметтер ретінде тікелей немемсе жанама түрде белгілі немесе белгілі болатын жеке тұлғаға (дербес мәліметтер субъектісіне) қатысты кез-келген ақпарат танылады.  

Дербес деректердің өңделуі  дегеніміз осы Ережелер бойынша дербес деректерге қатысты автоматтандыру құралдарының қолданылуы арқылы немесе мұндай құралдардың қолданылуынсыз жүзеге асырылатын кез-келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы, соның ішінде Байқаудың Қатысушысы Байқаудың өткізілу мақсаттарына байланысты беретін дербес деректерінің жиналуы, жазылуы, жүйеленуі, жиынтықталуы, сақталуы, нақтылануы (жаңартылуы, өзгертілуі),алынуы, пайдаланылуы, берілуі (таратылуы, ұсынылуы, жариялануы), тараптандырылуы, бұғатталуы, өшірілуі, жойылуы бар.

Дербес деректердің таратылуы дегеніміз осы Ережелер бойынша дербес деректердің белгісіз тұлғалар топтамасына ашылуына бағытталған әрекет, атап айтқанда: Байқаудың Интернет-ресурсында, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінде Қатысушы Байқаудың Интернет-ресурсы арқылы Байқау барысында берген Байқаудың Қатысушысының аты-жөнінің, электрондық поштасының, телефон нөмірінің, жасының, олар тұратын қаланың немесе елді мекеннің, сонымен қатар осы Ережелерде және (немесе) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда Қатысушының Жүлдесінің ашық түрде жариялануы.
2.17.    Дербес деректердің өңделуін Байқау Ұйымдастырушысы, Байқау Операторы және Байқау ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша басқа да серіктестер ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының қағидаттары мен талаптарына сай жүзеге асырады.
Байқау Ұйымдастырушысына/Операторына Байқаудың Қатысушысы болып табылмайтын тұлғалардың дербес деректерін беру барысында, мұндай мәліметтердің берілуі Байқаудың мақсаттары үшін қажет деп танылатын жағдайларда, Қатысушылар тиісті үшінші тұлғалардың өкілдері Байқау Ұйымдастырушысы/Операторы үшін дербес деректер субъектілері болып танылады және осындай тұлғалардың Байқау Ұйымдастырушысының/Операторының дербес деректерін өңдеуіне келісім білдіргендігіне кепілдік береді. Қатысушылар өз беттерінше деребес деректердің құпиялылығына байланысты үшінші тұлғалар алдында жауапты болып табылады.
Байқаудың Ұйымдастырушысы, Байқаудың Операторы және Байқаудың Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері дербес деректердің рұқсатсыз қолданылудан қорғалатындығына кепілдік береді.  Қатысушылардың Байқауға қатысу мақсатында беретін барлық дербес деректерін Байқаудың Ұйымдастырушысы, Байқаудың Операторы және Байқаудың Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері ҚР қолданыстағы заңнамасына сай және осы Ережелерде қарастырылған кепілдіктер бойынша сақтайды және пайдаланады.
Байқаудың Ұйымдастырушысы, Байқаудың Операторы және Байқаудың Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестер төмендегі талаптарды сақтауға міндеттенеді және Қатысушыға дербес деректердің өңделуіне қатысты төмендегі кепілдіктерді береді:
-    дербес деректердің ҚР дербес деректердің қорғалуы саласындағы заңнамасының талапатарына сай өңделуін қамтамасыз ету, соның ішінде «Деребес мәліметтер және олардың қорғалуы туралы» Заңда қарастырылған қағидаттардың, талаптардың, дербес деректер операторының міндеттерінің сақталуына кепілдік беру;
- Байқаудың Қатысушыларының дербес деректерінің жиналуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және жүзеге асыру, соның ішінде «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы, сондай-ақ Байқаудың Қатысушыларының дербес мәліметтерін жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, анықтауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды ҚР территориясындағы мәліметтер қорын пайдалана отырып жүзеге асыру. Байқаудың Қатысушыларының дербес деректері бар деректер қоры Байқаудың Ұйымдастырушысы, Байқаудың Операторы және Байқаудың Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа да серіктестері пайдаланатын серверлер Қазақстан Республикасының территориясында орналастырылған.

Осы арқылы Байқаудың Қатысушылары дербес деректерінің орналасқан жерінен хабардар деп саналады, олардың жиналуы мен өңделуінің Байқаудың мақсаттарына орай жүзеге асырылатындығымен таныс болып табылады.
-    дербес мәліметтерді Байқаудың мақсаттары үшін және оған қажетті көлемде, сонымен қатар жарнамалық мақсатта жинау және өңдеу. Дербес деректерді дербес мәлімет субъектілерін қандай да бір өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ басқа да кез-келген мақсатта пайдалану және басқа амалмен өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңда қарастырылған көлемде және жағдайда ғана жүзеге асырылады;
-    егер Байқаудың Ұйымдастырушысы, Байқаудың Операторы Байқаудың Қатысушылары алдындағы өзінің міндеттерін орындау мақсатында Байқаудың Қатысушыларының дербес деректерін үшінші тұлғаларға тапсыруға немесе басқа да амалмен ашуға міндетті болып табылса, аталған әрекеттерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның талаптарына сай жүзеге асыру;
-    Байқауға Қатысушылардың дербес деректерінің ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай өңделуі барысында қорғалуын және олардың құпия болып сақталуын қамтамасыз ету.
2.18.    Қатысушының осы Ережелерде көрсетілген дербес деректердің өңделуіне беретін келісімі Байқау өткізілетін мерзім бойы күшінде болады.
2.19.    Байқауға қатысу Ұйымдастырушының/Оператордың және басқа да серіктестерінің дербес ақпараттарын кез-келген тәсілмен өңдеуіне, осындай мәліметтерді Байқаудың Ұйымдастырушысының/Операторының және басқа да серіктестерінің мақсаттарына орай таратылуына келісімдерін береді. Олар дербес мәліметтердің қүпиялылығын сақтауға және өңдеу барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті болады және авторландырылған мәліметтерді өңдеу құралдарын пайдаланып, дербес мәліметтерді заңсыз жарияланудан қорғауға кепілдік береді. Байқаудың Қатысушыларының Байқаудың мақсаттарына орай хабарлаған барлық дербес мәліметтерін Байқауды Ұйымдастырушы/Оператор немесе басқа да серіктестері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтайды және өңдейді.
2.20.    Байқаудың Қатысушысы өзінің дербес деректерін өңдеуге берген келісімін Байқаудың Операторына осы Ережелердің 1.2-тармағында көрсетілген мекен-жайға поштамен алынғандығы туралы мәлімдеме жасалатын тапсырысты хатпен хабарлама жолдау арқылы қайтып алуға құқылы.
2.21.    Қатысушының дербес деректерді өңдеуге берген келісімнен бас тартуы туралы мәлімдеме алғаннан кейін Оператор олардың өңделуін тоқтатуға және осындай өңдеуді Оператордың міндеттемесі/тапсырмасы бойынша басқа да серіктестің жүзеге асыруын тоқтатуын қамтамасыз етуге міндетті, егер дербес деректердің сақталуы Байқаудың мақсаттары үшін қажет болмаса дербес деректерді (егер дербес деректердің өңделуі Байқау Ұйымдастырушысының міндеттемесі/тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын болса) аталған мәлімдеме алынған күннен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім ішінде жоюға немесе жойылуын қамтамасыз етуге міндетті, Ұйымдастырушының дербес деректердің өңделуін дербес деректер субъектісінің келісімінсіз ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның немесе ҚР қолданыстағы өзге заңдарының талаптарына сай өңдеуге құқылы болып табылатын жағдайларды санамағанда.
3.    Байқауға қатысу үшін:
3.1.    Байқаудың Қатысушысы болу үшін Байқаудың өткізілу мерзімінде мынадай іс-әрекетті орындау қажет:
3.1.1.    Байқаудың өткізілуін аңдатпалайтын Жарнамалық қаптамадағы Өнімнің кемінде 1 (бір) қаптамасын сатып алу;
3.1.2.    Сатылып алынған Өнімнің қаптамасындағы Кодты төмендегі амал арқылы тіркеу:
3.1.2.1.    Код жазылған мәтінді Интернет-ресурста тіркеу, атап айтқанда, Байқаудың  www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсының «Байқау» бөліміне еніп, «Промокодты тіркеу» түймешесін басу.
Кодты Интернет-ресурста тіркелу арқылы алғашқы тіркеу барысында Тіркеу нысанын толтыру арқылы Байқаудың www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсында Қатысушының дербес деректерін өңдеуге келісімін беру рәсімдерінен өту қажет:
    Тіркелу нысанының терезесі: Қатысушының деректері
- Қатысушының аты-жөні;
- Қатысушының байланыс телефоны (қаланың кодымен немесе оператордың коды көрсетілген ұялы телефон нөмірін +7 ХХХ ХХХ-ХХ-ХХ үлгісінде енгізу) (осы Ережелерде қарастырылған жағдайда Қатысушымен кері байланысу үшін, сонымен қатар Қатысушының Байқаудың Иентернет-ресурсында тіркелуі үшін логин ретінде пайдаланылады);
- Email: электрондық поштаның мекен-жайы (оған сілтеме жолданады, сілтеме арқылы өзінің электрондық мекен-жайын растау қажет болады);
- Қатысушы тұратын қала;
- Жеке кабинетке енетін құпия сөз.

3.1.3.    Осы Ережелердің мәтінімен танысу және Қатысушы берген дербес деректердің өңделуіне, сонымен қатар олардың Байқаудың мақсатына пайдаланылуына келісім беру. Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелу барысында берілген дербес деректердің өңделуіне келісім бергеннен кейін, сонымен қатар Байқауға Қатысушының он сегіз жасқа толғандығы расталғаннан кейін келісім ретінде төмендегі жазбаның қарама-қарсы тұсында «құсбелгі» таңбасын қою, бұл «келісемін» немесе «иә» деген жауапты білдіреді:
    Мен Науқанның Ережелерімен келісемін. Мен дербес деректерімнің өңделуіне келісім білдіремін. Менің жасым толық 18 (он сегізден) асты;
3.1.4.    Балаңыздың суретін Интернет-ресурсқа осы Ереженің 4.2.5.-4.2.8. тармақтарында көрсетілген реттікке сай жүктеу.
3.1.5.    Қатысушының дұрыс емес (қате) және (немесе) нақты емес (шынайы емес) мәліметтерді Байқау Интернет-ресурсында тіркеу барысында Байқауға осы Ережелердің 3.1.2.1 - тармақшасында көрсетілген тәртіппен қатысуы үшін көрсетуі, осы Ережелерге сәйкес дұрыс емес (қате) және (немесе) нақты емес (шынайы емес) деректерді беруі Байқау Ұйымдастырушысын Жүлдені табыстау міндетінен босатады және автоматты түрде осындай Қатысушының Байқауға қатыстырылмауына соқтырады
3.1.6.    Барлық жолданған Кодтар Ұйымдастырушының Интернет-ресурсының серверіндегі Байқаудың Қатысушылары туралы мәліметтер бар деректер қорында сақталады, онда жолданған Кодтар өңделеді.
3.1.7.    Қатысушы Интернет-ресурста тіркеген Коды бар Өнімнің Жарнамалық қаптамасын осы Ережелердің талаптарына сәйкес Байқаудың өткізілу мерзімі бойы сақтап қалу керек. Қатысушы Байқаудың Жүлдегері болып анықталған жағдайда Ұйымдастырушы осындай Қатысушыдан ұтысты Коды бар Қаптаманы талап етуге құқылы.


4.    Байқау Қатысушыларының Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелу және Байқауға арналған жұмыстарды (фотосуреттерді) тапсыру тәртібі.
4.1.    Байқауды өткізу аясында Қатысушы Байқауға қатысу үшін Байқаудың Интернет-ресурсына баласының суреті бар фотосуретті жүктейді, атап айтқанда, фототүсірілім арқылы алынған, бір жас тұлғаның – жасы 3 (үш) пен 7 (жеті) аралығындағы баланың бейнесі көрсетілген туынды (жоғарыда және әрі қарай – «Байқауға арналған жұмыс», әрі қарай сонымен қатар «Фотосурет»).
Суреті/туындысы Фотосуретте бейнеленген баланың жасының Байқаудың барлық мерзім бойы, атап айтқанда, 2017 жылдың «01» қазанынан бастап 2017 жылдың «30» қарашасына дейін, соңғы күнді қоса алғанда, 3 (үш) жастан 7 (жеті) жасқа дейінгі аралықта болуы керек.
Фотосурет осы Ережелердің 2.1-тармағында аталған талаптарға сай келетін тұлға тіркелгеннен кейін осы Ережелердің 4.6-тармағында қарастырылған тәртіп бойынша модерациядан (осы Ережелердің талаптарына сәйкестігін тексеру) өткеннен кейін немесе оның тапсырмасы бойынша Оператор Алаңда осы Ережелердің 4.2 және 4.3.1-тармақтарына сай тексергеннен кейін Байқауға арналған жұмыс (Байқаудың Қатысушысы) деп танылады.
4.2.     Байқауға қатысуға өтінім беру және Байқаудың Интернет-ресурсында Байқауға арналған жұмыстарды (Фотосуретті) орналастыру үшін (Байқауға қатысуға ұсыну үшін) Қатысушы мынадай әрекеттерді орындайды:

4.2.1.    Байқаудың өткізілуін аңдатпалайтын Жарнамалық қаптамадағы Өнімнің кемінде 1 (бір) қаптамасын сатып алу;

4.2.2.    Байқаудың Интернет-ресурсын браузер-бағдарлама жолағына Байқаудың www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсын енгізу арқылы қарау және осы Ережелердің 3.1.2.1-тармағына сай тіркелу;
4.2.3.    Код жазылған мәтінді Интернет-ресурста тіркеу, атап айтқанда, Байқаудың  www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсының «Кодты тіркеу» бөліміне ену.

4.2.4.    Осы Ережелердің мәтінімен танысу және Қатысушы берген дербес Қатысушыға және суреті Фотосуретте көрсетілген балаға қатысты деректердің өңделуіне, сонымен қатар олардың Байқаудың мақсатына пайдаланылуына келісім беру. Сонымен қатар Ұйымдастырушыға баланың (балалардың) ата-аналарынан (ата-анасынан) Байқауға қатысуға ұсынылатын жұмыстың (тардың) Фотосуретінің (терінің) құрамында суретін пайдалануға берген келісімінің бар екендігіне кепілдік беру. Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелу барысында берілген дербес деректердің өңделуіне келісім бергеннен кейін, сонымен қатар Байқауға Қатысушының он сегіз жасқа толғандығы расталғаннан кейін және жасы 3 (үш) пен 7 (жеті) аралығындағы 1 (бір) немесе бірнеше жасы кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі екендігін растағаннан кейін келісім ретінде төмендегі жазбалардың қарама-қарсы тұсында «құсбелгі» таңбасын қою, бұл қайсысының қолданылатындығына байланысты «келісемін» немесе «иә» деген жауапты білдіреді:
    Мен Байқаудың Ережелерімен келісемін. Мен дербес деректерімнің өңделуіне келісім білдіремін. Менің жасым толық 18 (он сегізден) асты;
4.2.5.    Жолақты (тінтуірмен «басу») «Kinder Chocolate-тың виртуалды қаптамасы» ашып, үлгі бойынша төмендегі деректерді толтыру:
- Қатысушы Байқаудың Интернет-ресурсында орналастыруға (жүктеуге) жоспарлап отырған Фотосуреттегі баланың аты-жөні;
- Баланың жасы (толық жасының саны);
- Қатысушы тұратын қала;
4.2.6.    Жүктеу үшін баланың фотосуретін дербес компьютердің файлдар жйүесінен таңдап алу және «Жүктеу» батырмасын басу.
4.2.7.    Жүктелген фотосуреттің орналастырылуы мен масштабын таза салмағы 100 гр. Kinder Chocolate виртуалды қаптамасында белгіленген орын бойынша түзету, атап айтқанда, фотосуретті қаптаманың төменгі жағындағы оң жақ бұрышына жылжыту және «Сақтау» батырмасын басу.
4.2.8.    Модерациядан өту, атап айтқанда жүктелген Фотосуреттердің осы Ережелердің 4.4-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкестігін тексеру керек.

Осы Ережелерді қабылдаудан және/немесе дербес деректерді өңдеуге келісім беруден бас тарту Байқауға қатысудан бас тарту деп танылады. Жасы он сегізге толмаған тұлғалар және/немесе Интернет-ресурсқа жүктелетін Фотосуреттердің авторлары болып табылмайтын, сондай-ақ олардың жариялануына қатысты қажетті құқықтары мен рұқсаттары жоқ тұлғалар Байқауға қатыстырылмайды.
Байқауға қатысу үшін Интернет-ресурста тіркелу күні жасының он сегізге толуы – Байқауға қатысу үшін орындалуы тиіс шарт, Байқаудың кез-келген кезеңінде осы талаптың бұзылуы анықталатын болса, осындай жағдай анықталған уақытта тұлғаның аталған жаста екендігіне қарамастан, Байқаудың Қатысушысы мәртебесінен айырады. Осылайша, Интернет-ресурста тіркелу барысында жасын жалған көрсеткен тұлға Байқаудың Қатысушысының міндеттері мен құқықтарына ие бола алмайды.
Байқауға қатысу үшін берілетін (Иентернет-ресурста орналастырылатын) Фотосуретке қатысты ерекше құқыққа ие болу – Байқауға қатысу үшін орындалуы тиіс шарт, Байқаудың кез-келген кезеңінде осы талаптың бұзылуы анықталуы Байқаудың Қатысушысы мәртебесінен айырады. Осылайша, Интернет-ресурста тіркелу барысында Фотосуретке қатысты ерекше құқықты жалған көрсеткен тұлға Байқаудың Қатысушысының міндеттері мен құқықтарына ие бола алмайды. Соңғысының Фотосуретке қатысты ерекше құқықты Қатысушы Интернет-ресурсқа тіркелгеннен кейін алатын жағдайды санамағанда, бұл Фотосуретке қатысты ерекше құқықты алу туралы Қатысушы мен Фотосуреттің авторы (лары) арасында жасалатын келісім-шартпен расталады. Қатысушы мен Фотосурет авторы (лары) арасында мұндай келісім-шарт болмаған жағдайда, Байқаудың Қатысушысы құқықтары берілмейді.

4.3.     Алаңдарда Байқауға арналған жұмыстарды тапсыру үшін Қатысушы:
4.3.1.    Алаңдардың біріне барып келесі әрекеттерді орындайды:
•    кез-келген жерден Жарнамалық қаптамадағы Киндер Өнімін Байқауға қатысу үшін бекітілген таңдалым мен санда сатып алу (осы Ережелердің 3.1.1-тармағы);
•    Оператордың Алаңдағы құзырлы өкіліне Киндер Өнімінің Байқауға қатысу үшін бекітілген таңдалым мен санда сатылып алынғандығы растау (осы Ережелердің 3.1.1-тармағы);
•    Фотосурет түріндегі БАйқауға арналған жұмысты Алаңдағы Промо-қызметкердің көмегімен жасау,
•    өз бетінше немесе Алаңдағы Промо-қызметкердің көмегімен Байқаудың Интернет-ресурсында оның қатысуымен тіркелу, Промо-қызметкер осындай тұлғаның тілегі бойынша оны Байқау Қатысушысы ретінде Байқаудың Интернет-ресурсында жүгінген тұлға беретін мәліметтер бойынша тіркейді;
•    өз бетінше немесе алаңдағы Промо-қызметкердің көмегімен оның қатысуымен Байқаудың Интернет-ресурсындағы жеке кабинетке тіркелу нысанын толтыру арқылы ену және Байқаудың Интернет-ресурсында жүгінген тұлға берген мәліметтер бойынша Байқауға арналған жұмыс нысанын толтыру.
•    Оператордың алаңдағы құзырлы өкілінен Байқау тапсырмаларының орындалғандығы үшін Байқаудың сыйлықтарын алу.
Осылайша, осы Ережелерге сай, Байқауға қатысуға өтінім болып саналады: Байқаудың Интернет-ресурсына жүктелген Байқауға арналған жұмыс (Байқаудың талаптарына сай) және Код. Аталған айғақтардың болмауы Байқауға қатысудан бас тарту болып саналады. Байқаудың Интернет-ресурсында 1 (бір) Код тіркеу Қатысушыға Байқау үшін  1 (бір) Фотосурет жүктеу құқы,ын береді.

Қатысушы Байқауға қатысу үшін жүктей алатын Байқауға арналған жұмыстардың (Фотосуреттердің) саны Қатысушы олардың әрқайсысы бойынша 1 (бір) Код жүктейтін тіркелу талабын сақтаған жағдайда шектелмеген, бірақ бір баламен тек 1 (бір) Фотосурет қана, мұндай жағдайда Қатысушының әрбір Фотосуреті Байқауға қатысуға жасалған жеке өтініш ретінде қарастырылады.


4.4.    Байқауға арналған жұмыс ретінде ұсынылатын Фотосуреттердің келесі талаптарға сай болуы керек:
4.4.1.    Осы Ережелердің 2.1-тармағына сай келетін, Байқауға қатысу үшін Ережелерде қарастырылған конклюдентті әрекеттер қатарын орындаған тұлғаны тұлғаның дербес еңбегінің нәтижесінде пайда болған және/немесе осындай тұлға жариялау үшін қажетті барлық құқықтар мен рұқсаттарды алу нәтижесінде алынған;
немесе
Байқаудың Операторы ұйымдастырған Алаңдарда осы Ережелердің талапатарына сай Промо-қызметкердің шығармашылық еңбегі нәтижесінде алынған немесе осы Ережелердің 2.1-тармағына сай келетін, Байқауға қатысу үшін Ережелерде қарастырылған конклюдентті әрекеттер қатарын орындаған тұлғаны тұлғаның дербес еңбегінің нәтижесінде пайда болған және/немесе осындай тұлға жариялау үшін қажетті барлық құқықтар мен рұқсаттарды алу нәтижесінде алынған;
4.4.2.    Файлдың көлемі: 5 (бес) Мб артық емес;
4.4.3.    Файлдың форматы: JPG, GIF, PNG,
4.4.4.    Фотосуреттің мазмұны: жасы 3 (үш) пен 7 (жеті) аралығындағы, қоса алғанда, суреті бейнеленген, артында ірі заттар мен бөтен адамдар көрінбейтін фотосурет.
4.4.5.    Кез-келген техникалық амалмен, 4.4.3-тармақта аталған форматта файл алуға болатын құралмен алуға болады, ұялы телефон, планшеттік жабдықтар, фотоаппараттар, фоторедакторда тек қана суреттің түсін, анықтығы мен контрастын жақсарту мақсатында өңдеуге болады;
4.5.     Байқауға қатыстырылмайды:
    Зорлық-зомбылық, эротика немесе порнография белгілері бар Фотосуреттер, басқа да сексуалды сипаттағы бейнелер сияқты,
    Тікелей немесе жанама түрде қандай да бір тұлғалардың ар-ұжданына нұқсан келтіретін, дінге табынатындардың сеніміне залал келтіретін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықтың туындауына ықпал ететін Фотосуреттер және ҚР заңнамасына қайшы келетін кез-келген материалдар;
    Бала киімсіз түсірілген Фотосуреттер;
    Төмендегі (лер) көрсетілген (айтылған) Фотосуреттер: зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі, қару-жарақ, есірткілік және/немесе психотроптық заттар, ішімдік, сыра, табак өнімдері және темекі тарту, медикаменттер мен медициналық жәрдемнің басқа да заттары, ару, соғыс, экономикалық және әлеуметтік саланың жағымсыз әсерлері (дағдарыс, ашлық, эпидемия, жұмыссыздық және т.б.);
    Байқауға қатысу үшін бұрын ұсынылған Фотосуреттер (соның ішінде Ережелерге сәйкестігі тексерілу үстіндегі (модерациядағы) Фотосуреттер мен осы Ережелердің талаптарына сай Байқаудың Интернет-ресурсында Байқауға қатыстырылып жатқан фотосуреттер де бар);
    Тікелей фототүсірілім жасаудан басқа амалмен алынған Фотосуреттер (сурет салу, фотоколлаж, компьютерлік графика және т. б.);
    2 (екі) немесе одан да көп тұлға бейнесі бар Фотосуреттер;
    Осы Ережелердің 1.5.1-тармағында аталған Байқауды өткізудің жалпы мерзімі ішінде жасы 7 (жетіден) асқан және 3 (үлке) толмаған баланың бейнесі бар Фотосурет.
4.6.    Байқауға қатысу мақсатында Байқаудың Интернет-ресурсында осы Ережелердің талаптарына сәйкестігі тексерілген (модерациядан өткен) Фотосуреттер ғана жарияланады. Тексеруді (модерацияны) Ұйымдастырушы немесе ол құзырлаған тұлға Байқауға арналған жұмыс жүктелген уақыттан бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Интернет-ресурста осы Ережелердің 4.2 және 4.3-тармақтарында қарастырылған амалдардың бірі бойынша жүзеге асырады. Байқаудың Ұйымдастырушысы Байқауға қатысу үшін ұсынылған Фотосуреттерді (Интернет-ресурсөа жүктелген) қарастырмауға құқылы, егер Ұйымдастырушының пікірі бойынйша мұндай Фотосуреттер Ереже талаптарына сай болмаса, Ұйымдастырушының ішкі саясатына қайшы болса немесе нарықтағы «Kinder» сауда белгісіне (имиджіне) нұқсан келтіретін болса. Ұйымдастырушы Интернет-ресурста жариялауға дейін Қатысушыларға Фотосуретті Байқауға қатыстыруға қабылдмаудың және жарияланғаннан кейін Интернет-ресурстан Фотосуретті өшіргеннен кейін себептерін мәлімдемеуге құқылы.
4.7.    Қатысушылар Байқауға қатысу үшін ұсынған (Байқаудың Интернет-ресурсына жүктеген) Фотосуреттер Байқаудың Интернет-ресурсында жариялауының алдында модерациядан өткізіледі, демек, БайқаудыңҰйымдастырушысы немесе ол құзырлаған тұлға осы Ережелердің талаптарына сәйкестігін Ережелердің 4.6-тармағына сай тексереді.
Осы Ережелердің 4.2 және 4.3-тармақтарында қарастырылған конклюдентті әрекеттердің барлығы орындалғаннан кейін және модерациядан өткеннен кейін Байқауға арналған жұмыс Байқаудың Интернет-ресурсының «Қатысушылар» парақшасында саны шексіз тұлғалардың қарауына ашық болады (Байқаудың Интернет-ресурсының барлық пайдаланушыларына).
Байқауға арналған жұмыстары модерациядан өтпеген тұлғаларға Фотосуреттердің осы Ережелерге сай болмауына байланысты тексерістен өтпегендігі туралы мәлімдемелер жолданады. Аталған мәлімдеме Фотосуретті ұсынған тұлғаның Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелу барысында көрсеткен электронды поштасына (e-mail) жолданады. Ал мұндай тұлға Байқауға Байқаудың Интернет-ресурсында қабылданбаған Фотосуреттің орнына басқасын жариялау (орналастыру) арқылы қатыса алады. Бірақ, жаңа Фотосурет те осы Ережелердің 4.6-тармағына сай модерациядан өткізіледі.
4.8.    Байқауға қатысу мақсатында конклюдентті әрекеттер ретін орындай отырып тиісті тұлғалар – Байқаудың Қатысушылары, осы Ережелердің 2.2-тармағында қарастырылғандай, өздерінде Фотосуретті жариялауға қатысты барлық құқықтардың бар екендігін растайды. Сонымен қатар Байқауға қатыса отырып (Байқауға қатысу үшін осы Ережелерде қарастырылған конклюдентті әрекеттер ретін орындай отырып) Байқауға қатысу үшін Байқаудың Интернет-ресурсы арқылы берілетін Фотосуреттерге қатысты ерекше мүліктік және жеке мүліктік емес авторлық және сабақтас құқықтардың бар екендігін растайды және кепілдік береді (егер қолданылатын болса), Ұйымдастырушының, Оператордың және Байқауды жарнамалау мақсатында жұмысқа жұмылдыратын Ұйымдастырушының өзге де серіктестерінің (әрі қарай – «басқа серіктестер») Байқауға қатысу мақсатында беретін дербес деректерді өңдейтіндігіне келісім береді. Қатысушылар осы Ережелерге сай Ұйымдастырушыға берген кепілдіктердің салдарынан үшінші тұлғалардың зияткерлік құқықтары мен өзге де құқықтарының бұзылуы, сонымен қатар құпия деректердің бұзылуы мен ҚР заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар мен бостардықтардың нұқсан көруі үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жауапкершілікке тартылады.

4.9.    Байқауға қатысу мақсатында Байқаудың Интернет-ресурсына өз бетінше Фотосурет жүктеу барысында Қатысушы мыналарды растайды:
•    Ұсынылатын жұмысқа авторлық және Байқауға арналған жұмысқа қатысты сабақтас құқықтардың және жеке мүліктік емес құқықтардың иелерінің рұқсаттары бар;
•    Ұйымдастырушы, Оператор немесе Ұйымдастырушының тапсырмасы/тапсырысы бойынша әрекет ететін басқа серіктестер дербес деректерді (өзінің және суреті Байқауға арналған жұмыста көрсетілген баланың) өңдейді.

4.10.    Үшінші тұлғалар Ұйымдастырушыға немесе Операторға Байқаудың Интернет-ресурсында БАйқауға арналған жұмыстың орналастырылуы және/немесе оның алдағы уақытта пайдаланылуы, сонымен қатар Ұйымдастырушының немесе Оператордың оған Қатысушы осы Ережелердің талаптарына сай берген Байқауға арналған жұмысты пайдалану құқықтары бойынша нарызылық туындайтын жағдайда Байқаудың Қатысушысы аталған жағдайда өз бетінше және өз қаражаты есебінен шешуге міндетті.
4.11.    Қатысушы осы Ережелердің талаптарын бұзу салдарынан Ұйымдастырушыға және/немесе Операторға шығын келетін болса, Қатысушы мұндай шығынды толық көлемде қайтарады.

4.12.    Байқауға қатысу айғағы Қатысушының осы Ережелемен танысқандығын және олармен келісетіндігін білдіреді. Қатысушы өзі Байқаудың Интернет-ресурсында орналастырған барлық Байқауға арналған жұмыстардың, сондай-ақ Қатысушының келісімі негізінде Алаңдағы Промо-қызметкер жасаған және орналастырған Фотосуреттердің Ұйымдастырушымен бұқаралық назарға кез-келген тұлға кез-келген жерден кез-келген амалмен пайдалануына болатын амалмен жеткізілетіндігіне келіседі, ал Байқауға арналған жұмыстарды Байқаудың Интернет-ресурсына өз бетінше орналастыру (жүктеу) барысында оларға қатысты ерекше құқыққа ие кендігін растайды. Қатысушы Ұйымдастырушының Байқауға арналған жұмысты Интернет желісінде ашық түрде орналастыру (жариялау) бойынша пайдалануына рұқсат береді, соның ішінде Байқаудың Интернет-ресурстарындағы парақшалары, Байқаудың жарнамалық материалдары бар.


5.    Байқаудың Жүлдегерлерін анықтау тәртібі.

5.1.    Байқаудың Жүлдегерлері келесі тәртіп бойынша анықталады:
5.1.1.    Қатысушы Байқауға арналған жұмысты Байқаудың Интернет-ресурсында осы Ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша және бекітіліген мерзімде орналастырғаннан кейін, Қатысушының Байқауға арналған жұмысының даустар мен ұпайлардың ең көп санын жинауы керек, оларды Интернет желісінің пайдаланушылары – Байқаудың Интернет-ресурсының қараушылары белгілі Фотосурет үшін осы Ережелердің 1.5.1-тармағында бекітілген мерзім ішінде береді, атап айтқанда 2017 жылдың «30» қарашасына дейін.
5.1.2.    Орналастырылған Байқауға арналған жұмыс осы Ережелердің 4.4-тармағында қарастырылған талаптарға сай болмаған жағдайда, Байқаудың Интернет-ресурсында Қатысушының Жеке кабинеті арқылы жүктелген Фотосурет бұғатталады, содан соң – оны модератор (Оператор) өшіріп тастайды. Осындай Қатысуышының электронды поштасына тиісті мәлімдеме жолданады, аталған шектеу Байқаудың Интернет-ресурсындағы Қатысушының Жеке кабинетінде көрсетіледі.
5.1.3.    Қатысушының Байқауға арналған жұмысына Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелген тұлғалар ғана дауыс бере алады, демек, осы Ережелердің 3.1.2.1-тармағына сай Код арқылы тіркелген пайдаланушылар мен Интернет желісінің Байқаудың Интернет-ресурсына әлеуметтік желілер арқылы белгілі Байқауға арналған жұмысқа «Нравится» белгісін басу амалымен ұпай берген пайдаланушылары дауыс бере алады. Қатысушы өзінің Байқауға арналған жұмысына да, басқа Қатысушылардың Байқауға арналған жұмыстарына да дауыс бере алады.
5.1.3.1.     Байқауға арналған жұмыстарға төмендегі амалдардың бірі бойынша дауыс беруге болады:

    Өнімнің Жарнамалық қаптамаларындағы Кодтарға теңестірілген ұпайларды беру, мұндай жағдайда:
Таза салмағы 50 гр. Киндер Шоколадтың Жарнамалық қаптамасындағы Код 50 (елу) ұпайға тең.
Таза салмағы 50 гр. Киндер Шоколадтың Жарнамалық қаптамасындағы Код 100 (жүз) ұпайға тең.
Таза салмағы 84 гр. Киндер Шоколад Максидің промо-стикеріндегі Код 100 (жүз) ұпайға тең.
Таза салмағы 94 гр. дәнді Киндер Шоколадтың промо-стикеріндегі Код 100 (жүз) ұпайға тең.

    Байқауға арналған жұмысқа «Нравится» белгісін басу арқылы дауыс беру, демек, Байқауға арналған жұмысқа (Фотосуретке) Кодтарды пайдаланбастан 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде Байқаудың Интернет-ресурсына әлеуметтік желі арқылы тіркелу амалымен дауыс беру.
1    дауыс 5 (бес) ұпайға тең.


5.1.3.2.    Ұпайлар рейтингі Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелген Интернет желісі пайдаланушыларының белгілі Байқауға арналған жұмыстың пайдасына берген дауыстары мен Кодтардың жалпы ұпай санының қосындысы арқылы жүргізіледі.
5.1.3.3.    Дауыстар рейтингі төмендегідей анықталады:
Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелген Интернет желісі пайдаланушылары осы Ережелердің 1.5.1-тармағында анықталған Байқау тапсырмаларын орындау мерзімі ішінде. Астана уақыты бойынша сағат 00:00 бастап 23:59 дейін (демек, 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде) бір рет өз дауысын Байқауға арналған бір жұмысқа бере алады. Мұндай жағдайда Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелген Интернет желісі пайдаланушылары ұпайларды Кодтарды дауысының қандай Байқауға арналған жұмысқа берілгендігіне қарамастан басқау Байқауға арналған жұмысқа тіркеу арқылы бере алады.

Белгілі Фотосурет үшін берілетін дауыстарды жасжанды түрде арттыратын ресурстар мен бағдарламаларды тікелей немесе басқа да амалмен пайдалануға тыйым салынады, соның ішінде мыналар бар (бірақ олармен шектелмейді): http://www.seosprint.net/, http://www.rotapost.ru/default.aspx, http://www.blogocash.ru/, http://blogoda.ru/, http://j2j.ru/, http://www.gogetlinks.net/, http://advert-control.ru/, http://www.upominator.ru/, http://www.rotapost.ru/, http://pr-blogger.ru/, http://www.prospero.ru/, http://seedr.ru/, http://socialtools.ru/, http://twite.ru/, http://blogun.ru/.

5.1.4.    Дауыстар рейтингі мен ұпайлар рейтингі бірыңғай дауыстар мен ұпайлар рейтингіне қосылып, Байқаудың Интернет-ресурсында көрсетіледі және Фотосурет үшін берілген дауыстар мен рейтингті бекітеді (әрі қарай - «Рейтинг»).
 
5.2.    Дауыс беру жасырын емес (демек, қандай да бір Байқауға арналған жұмыс үшін дауыс беру үшін Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелу керек немесе әлеуметтік желі арқылы ену керек). Қатысушылар да дауыс бере алады – басқа Қатысушылардың Фотосуреттеріне де, өздерініңБайқауға арналған жұмыстарына да.
 
5.3.    Байқаудың Интернет-ресурсының пайдаланушыларының дауыстары мен әрбір Байқауға арналған жұмысқа берілген ұпайлар санын есептеуді Ұйымдастырушы  немесе ол құзырлаған тұлға Байқаудың Интернет-ресурсының арнайы бағдарламасы арқылы онлайн тәртіпте анықтайды (демек, әрбір Байқауға арналған жұымыстың астында Байқаудың Интернет-ресурсында, сондай-ақ Байқау Қатысушыларының Жеке кабинеттерінде Байқаудың Интернет-ресурсының пайдаланушылары берген дауыстар мен белгілі уақыт ішінде Байқаудың Интернет-ресурсының пайдаланушылары осындай Байқауға арналған жұмысқа берген ұпайлары көрсетіледі; Байқаудың Интернет-ресурсының пайдаланушысы берген әр дауыс және белгілі Байқауға арналған жұмыс үшін берілген Кодтың мәні Байқауға арналған жұмыстың рейтингі үшін сол мезетте көрсетіліп отырады. Осылайша, Байқауға арналған жұмыстардың жалпы рейтингін жүргізе отырып дауыстар мен ұпайлардың жалпы санының қосындысы анықталады (Байқаудың Интернет-ресурсының пайдаланушылары берген дауыстар + Байқауға арналған жұмыс жинаған ұпайлар).

Рейтингте бірінші болып дауыстар мен ұпайлар санының қосындысы ең жоғары Фотосурет көрсетіледі.
Байқаудың Интернет-ресурсының пайдаланушыларының дауыстары мен белгілі Байқауға арналған жұмыс үшін берілген ұпайлар саны тең болған жағдайда, Рейтингте бірінші болып БАйқаудың Интернет-ресурсында басқаларынан бұрын тіркелген Қатысушының Фотосуреті көрсетіледі (хронологиялық ретпен).

5.4.    Байқаудың Интернет-ресурсының пайдаланушыларыынң дауыстары қабылданады, ал ұпайлар Рейтингте есепке алынады – Байқау Жүлдегерлерін 2017 жылдың «01» қазанынан бастап 2017 жылдың «30» қарашасына дейін, екі күнді қоса алғанда.
5.4.1.    Қате деп танылады, есепке алынбайды және тіркелмейді:
    Кодтарды тіркеу жолағында бір Кодтан артық Код болса;
    Кодты Ұйымдастырушы сәйкестендіре алмаса (барлық Кодтардың тізімі деректер қорында Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында сақталады);
    Код Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен бұрын (2017 жылдың «01» қазанының 00:01 сағатынан бұрын) тіркелген болса;
    Кодтар Байқауға қатысу үшін бұрын пайдаланылған болса (басқа немесе сол Қатысушы немесе Кодты Байқауға арналған жұмыс үшін берген үшінші тұлға);
    Код Науқанға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімінің басталу күнінен кейін (2017 жылдың «30» қарашасының 23:59 сағатынан кейін) тіркелген болса.

5.5.    Байқаудың Жүлдегерлері:
5.5.1.    Байқаудың Жүлдегерлері болып алғашқы 8 (сегіз) Қатысушы танылады, егер олардың Байқауға арналған жұмыстары Рейтинг бойынша осы ережелердің 5.1.3.-тармағына сай 2017 жылдың «30» қарашасының 23:59 сағатына дейін (Астана уақыты бойынша) ең көп дауыс жинаған болса.

5.6.    Байқау нәтижелері соңғы болып табылады және ол қайтадан қарастырылмайды, осындай нәтижелерді жариялағаннан кейін Ұйымдастырушы (Оператор) Байқау барысында Байқау Жүлдегері болып танылған тұлғалардың қатысу талаптары мен ережелерін бұзғандығын анықтаған жағдайды санамағанда. Ұйымдастырушы (Оператор) Байқау барысында Байқау Жүлдегері болып танылған тұлғалардың қатысу талаптары мен ережелерін бұзғандығын анықтаған жағдайда Ұйымдастырушы тиісті Қатысушыға Байқау Жүлдесін беруден бас тартуға, Жүлдегер ретінде Рейтинг бойынша келесі Қатысушыны жариялауға құқылы.

5.7.    Ұйымдастырушы құқылы:
•    өзінің шешімі негізінде бір жақты тәртіпте кез-келген амалмен Ережелердің талабын бұзатын Байқауға қатысу өтінімдерінің барлығын жарамсыз дап тануға, сондай-ақ қатысуға өтінім беру үрдісінен қандай да бір пайда алатын және оны жалған жүргізетін, болмаса осы Ережелердің бұзылуы арқылы әрекет ететін кез-келген тұлғаның Байқауға әрі қарай қатысуына тыйым салуға;
•    Рейтинг қалыптастыру барысында Байқауға арналған жұмыс (тар) үшін осы Ережелердің талаптарының бұзылуы мен осы Ережелердің 5.1.3.3-тармағында тыйым салынған ресурстар мен бағдарламаларды пайдалану арқылы берілген дауыстар анықталатын жағдайда тиісті Байқауға арналған жұмыстың Рейтингін тыйым салынған ресур пен бағдарлама арқылы жиналған дауыс санына кемітуге, тиісті Қатысушының БАйқауға қатысуға өтінімін жарамсыз деп тануға құқылы;
•    Қатысушылармен жазбаша хат алмаспауға және басқа амалмен хабарласпауға, осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайлар мен даулы мәселе туындайтын жағдайларды санамағанда;
•    өзінің шешімі негізінде бір жақты тәртіпте Байқаудың өткізілуін аяқтауға немесе уақытша тоқтатуға, осы Ережелерді өзгертуге, егер қандай да бір себептерге байланысты Байқау аспектісі жоспарланғандай жүзеге асырылмайтын болса, соның ішінде Байқау арналарының техникалық жабдықтары зиянды бағдарламалардың, байланыс желісіндегі кемшіліктердің салдарынан жарамсыздану, рұқсатсыз араласу, Ұйымдастырушының бақылауынан тыс техникалық ақаулардың орын алу себептері де бар, егер олар Байқаудың тиісінше жүзеге асырылуына, өткізілуіне және қауіпсіздікке нұқсан келтіретін болса;
•    Байқау туралы жарнамалық ақпараттар мен басқа да материалдарды Байқаудың Интернет-ресурсында және басқа да бұқаралық ақпарат көздерінде жариялауға;

6.    Байқаудың Жүлделері:
6.1.    Байқаудың Жүлделері мыналар:
(а) суреті Фотосуретте – Байқаудың Жүлдегері болып танылған Байқауға арналған жұмыста бейнеленген баланы (әрі қарай – «Байқау Жүлдегерінің баласы») - Фототүсірілімге   фотомодель ретінде шақыру, Жүлдегерге кәсіби студиялық Фототүсірілім нәтижесінде алынған фотосуреттер данасын беру,
(б) Байқау Жүлдегерінің баласының әсіби студиялық Фототүсірілім нәтижесінде алынған фотосуретін Өнім партиясының қаптамасының дизайнына қосу және оған Өнім мен оның өндірушісі туралы ақпаратты қосу;

6.1.1.    Байқаудың жүлделерінің саны: 8 (сегіз) дана.

6.1.2.    Байқаудың Жүлделерінің саны шектеулі. Байқаудың Жүлделерін Өнімнің Жарнамалық қаптамасындағы Кодтар мен Интернет желісі пайдаланушыларының дауыстарының ұпай санының қосындысы бойынша ең көп ұпай жинаған алғашқы 8 (сегіз) Қатысушы ғана алады.

7.    Байқаудың сыйлықтары:
7.1.    Байқаудың Алаңдардағы Сыйлықтары төмендегі заттар, бірге алғанда:
    «Kinder Chocolate» сауда белгісінің логотипі басылған (сөзбен және бейнелік элементтермен) түндік-фоторамка,
    «Kinder Chocolate» сауда белгісінің логотипі басылған (сөзбен және бейнелік элементтермен) «Киндер Шоколадтың Жаңа жұлдызы» қалтасы,
    Байқау Қатысушысының баласының Қатысушы Байқаудың Интернет-ресурсында жариялаған фотосуреті (форматы 10х15 см), арты сәнделіп, «Kinder Chocolate» сауда белгісінің логотипі басылған (сөзбен және бейнелік элементтермен) жиекпен өрнектеледі, принтермен басып шығарылады- 1 (бір) дана (әрі қарай және жоғарыда бірге - «Байқаудың Сыйлықтары»).
7.1.1.    Байқау Сыйлықтарының жалпы саны 4 000 (төрт мың) дана.
7.1.2.    Байқаудың Сыйлықтарының саны шектеулі. Байқаудың Сыйлығын осы Ережелерге сай Байқау Сыйлығын иелену құқығы бар алғашқы 4 000 (төрт мың) Қатысушы ғана алады.
Дизайны:
      

8.    Байқаудың Жүлделері мен Сыйлықтарын беру тәртібі, орны және мерзімдері.
8.1.    Байқаудың Жүлделерін беру тәртібі.
8.1.1.    Байқаудың Жүлдесін беру үшін Байқаудың Операторы Байқаудың Жүлдегеріне Байқаудың Интернет-ресурсында тіркелу барысында көрсеткен телефон нөмірі бойынйша хабарласады. Байқаудың Жүлдегерімен хабарласқан жағдайда Байқаудың Операторы оның осы Ереже талаптарына сәйкестігін тексереді, соның ішінде мыналар бар, бірақ олармен шектелмейді: Байқау Қатысушысының азаматтығы, жасы, 3 - 7 жас аралығындағы баласының болуы.
8.1.2.    Байқаудың Жүлдесін алуға құқылы тұлғалар оларды алу үшін Ереженің осы тармағына сай қажетті әрекеттерді уақытында орындаған жағдайда Ұйымдастырушыдан (Оператордан) 2017 жылдың «05» желтоқсанынан кешікпейтін уақыт ішінде Фотосессия өткізілетін орын мен уақыт туралы хабарлама алады, ол жерге Байқаудың Жүлдегері суреті Байқауға арналған жұмыста бейнеленген баламен бірге келуге міндетті.
Жүлдегердің және/немесе суреті Байқауға арналған жұмыста бейнеленген баланың Жүлдегерге Ұйымдастырушы (Оператор) мәлімдеген күні Фототүсірілімге келмеуі Жүлдеден бас тарту болып танылады.
8.1.3.    Жүлдегерлерге Байқаудың Жүлделерін тапсыру барысында Оператор ұсынатын, осындай Жүлденің алынғандығын растайтын құжатты толтырып, оған қол қою керек (әрі қарай – «Жүлденің алынғандығын растайтын құжат»), мүліктік құқықтың алынуы туралы келісім-шартқа қол қойылады, сонымен қатар дербес деректердің өңделуіне Байқаудың Интернет-ресурсына тіркелу барысында осы Ережелерінің 3.1.2.1-тармағына сай берген келісім сияқты келісім беру керек.
Жүлдегердің Жүлденің алынғандығын растайтын құжатты толтырудан және/немесе оған қол қоюдан бас тартуы немесе мүліктік құқықты алу туралы Келісім-шартқа қол қоймауы және/немесе дербес деректерді өңдеуге келісім бермеуі, сол сияқты ақпаратты толық бермеууі/жалған беруі және/немесе Жүлдені алуға қажетті ақпаратты уақытында бермеуі/толық бермеуі Жүлдегердің Байқау Жүлдесінен бас тартуы болдып саналады.

8.1.4.    Байқаудың Жүлдегері Байқаудың Операторына Байқаудың Жүлдесін алуға қажетті мынадай жеке/ дербес мәліметтерді/ құжаттарды беруге міндетті:
•    Жүлдегердің аты-жөні;
•    Жүлдегердің Байқауға арналған жұмысында суреті бейнеленген баланың туу туралы куәлігі;
•    Жүлдегер мен Байқауға арналған жұмыста суреті бейнеленген баланың тұрғылықты мекен-жайы, индекспен бірге;
•    Жүлдегердің ұялы телефон нөмірі;
•    Жүлдегердің және оның ерінің/зайыбының жеке куәлігінің көшірмесі (түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні, берген органның атауы);
•    Жүлдегердің атына ашылған ағымдық есеп шот;
•    Байқаудың Жүлдесін алуға қажетті басқа да ақпарат / құжаттар, егер осы Ережелерге және/немесе ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынйша талап етілетін болса.
•    Баланың ата-анасының немесе басқа да заңды өкілінің баланың суретінің Байқауға қатысуына және баланың Фототүсірілімге қатысуына беретін жазбаша келісімі.

Осы Ережелердің 3.1.2.1. және 8.1.4 тармақтарында аталған мәліметтер мен құжаттарды бермеу немесе оларды беруден бас тарту, дербес деректерді өңдеуге келісім беруден бас тарту сияқты, Байқаудың Жүлдесін алу үшін қажетті ақпараттарды толық көрсетпеу/ жалған ақпараттарды көрсету және/немесе басқа да ақпараттарды бермеу немесе оларды уақытында бермеу Жүлдегердің Байқаудың Жүлдесін алудан бас тартуы болып саналады


8.2.    Байқаудың Интернет-ресурсында Байқаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін Жүлдегерге хабарласу мынадай амалмен жүзеге асырылады: Байқау Жүлдегерлері жарияланған күні Байқаудың Операторы Байқаудың әрбір Жүлдегеріне 3 (үш) рет қоңырау шалып, 1 (бір) минут күтеді, осындай қоңырауларды шалу аралығы 30 (отыз) минут.
Байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда Байқаудың Операторы Байқаудың Жүлдегерінен Байқау нәтижелері жарияланған күннен кейінгі күннің с ағат 10:00 дейін кері байланыс күтеді.
Аталған уақытта Байқау Жүлдегерімен байланыс орнатылған жағдайда Байқаудың Операторы оған осы Ережелердің 8.1-тармағына сай Жүлдені алу бойынша нұсқау береді.

8.2.1.    БАйқаудың Жүлделері Байқаудың Жүлдегеріне 2018 жылдың «01» қаңтарынан бастап 2018 жылдың «31» қаңтарына дейінгі аралықта беріледі, Фотосессияны өткізу күні мен уақытын Жүлдегерге Оператор 2017 жылдың «05» желтоқсанынан кешіктірмей хабарлайды.
8.2.2.    Егер Жүлдегер Байқаудың Ережелерінде қарастырылған Байқаудың Жүлдесін алуға қажетті мәліметтерді және/немесе құжаттарды Байқаудың Операторы Жүлдегерге телефон арқылы мәлімдеме жасаған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде бермеген болса, онда мұндай әрекет Жүлдегердің Байқауға қатысудан және/немесе тиісті Жүлдені алудан бас тартуы деп танылып, сол күні ұтыс қайта өткізіледі.
8.2.3.    Байқаудың Қатысушысы осы Ережелерде қарастырылған талаптарды бұзу салдарынан Ұйымдастырушы және/немесе Оператор шығын шегетін болса, Байқаудың Қатысушысы осындай шығынды толық көлемде қайтаруға міндетті.

8.3.    Ұйымдастырушы Қатысушының шеккен шығындарын (бұдан өзге де жағдайларды) қоса алғанда, Қатысушының қате болып танылған әрекетінің/әрекетсіздігінің қандай да бір салдары үшін жауапты емес.
8.4.    Ұйымдастырушы, сондай-ақ Ұйымдастырушының Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге құзырлы тұлғалары байланыс операторы желісінің немесе Байқау Қатысушысының компьютері жалғанған Интернет-провайдерінің желісінде болуы ықтимал техникалық кемшіліктер үшін жауапты емес.
8.5.    Ұйымдастырушы (Оператор) Жүлдегерден (с.і. пошта, байланыстың электронды арналары арқылы) Байқаудың Иентернет-ресурсында осы Ережелерде бекітілген тәртіп бойынша тіркелген Коды бар Өнімнің қаптамасының түпнұсқасын немесе фотосуреттерінің көшірмесін беруді талап етуге құқылы. Жүлдегердің аталған қаптамаларды беруден бас тартуын Ұйымдастырушы оның Байқауға және Байқаудың Жүлделерінің ұтысына қатысудан бас тарту деп танитын болады.
8.6.    Ұйымдастырушы талап етілмеген Жүлделерді өз бетінше пайдалануға құқылы.

9.    Байқаудың Сыйлықтарын алу шарттары, тәртібі, орны және мерзімі.
Сыйлықтар Байқаудың Қатысушысына Алаңда Промоутерге жүгінген мезетте алаңдардың Ережелердің 1.4-тармағында анықталған күн мен уақыт ішінде беріледі.

Талап етілмеген Сыйлықтарды сақтау және оларды Сыйлықтарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін талап ету тәртібі:
Байқаудың талап етілмеген сыйлықтары Операторда 2017 жылдың «12» қарашасының 22:00 сағатына дейін сақталады, соңғы күнді қоса алғанда.
Байқаудың шарттары бойынша Байқаудың талап етілмеген Сыйлықтарын сақтау және оларды Байқау өткізу аясында Алаңдардың жұмыс мерзімінен тыс уақыттан кейін талап ету мүмкіндігі қарастырылмаған.
2018 жылдың «12» қарашасының 22:00 сағатына дейін талап етілмеген барлық Сыйлықтар Ұйымдастырушының иелігінде қалады және Ұйымдастырушы талап етілмеген Жүлделерді өз бетінше пайдалануға құқылы.

10.    Салық туралы мәліметтер:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сай, атап айтқанда, «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 160-бабының 4-тармағына сай, төлем көзінде салық салынатын табыс Жүлделер болып табылады. Табыстың осы түрі (ұтыс) бойынша ЖТС есептеу мен шегеруді салық агенті – Байқаудың Операторы – Байқаудың Жүлдегеріне қатысты жүзеге асырады.
Байқаудың Жүлдесі түріндегі табысты алатын Қатысушыларға салық агенті Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына сай салық (жеке табыс салығын) төлейді.
11.    Байқаудың Қатысушылары оның шарттары мен өткізілу мерзімдері туралы ақпараттарды Байқаудың өткізілуі туралы Ереженің толы нұсқасын дүниежүізілік Интернет желісіндегі www.kinderchocolate.kz (доменінен) алады.
12.    Байқау туралы қысқаша мәліметтерді:
13.1.    Байқауға қатысатын Өнімнің Жарнамалық қаптамасында көрсетілген ақпараттардан;
13.2.    Жедел желі телефоны бойынша 8 800 080 87 87 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) білуге болады.

14.    Байқауды өткізу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда бұл туралы ақпаратты Оператор Байқаудың www.kinderchocolate.kz Интернет-ресурсында орналастырады.

15.    Байқаудың Ережелері өзгерген, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған немесе өткізілмейтін жағдайда Оператор бұл туралы Қатысушыларға хабарландыруды Байқаудың Интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.